Ел жаңалықтары — Страница 60 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок баспасөз брифингін өткізді

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан президенттері БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапарын екі ел қарым-қатынасының жаңа белесі деп қабылдайтынын айтты. Сонымен қатар Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық форумына арнайы келіп қатысқаны және жасанды интеллект жөнінде ой-пікірін бөліскені үшін Тамаш Шуйокқа шынайы ризашылығын білдірді. – Біз – тамыры бір ағайын жұртпыз. Мажарстан ...

Читать далее »

Президент Жолдауы: Цифрландыру мен жасанды интеллект – экономикалық дамудың басты бағыты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде цифрлық инновацияларды дамыту қажеттігін айтты. Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы маңызды қадам – Цифрлық кодексті қабылдау. Кодексте жасанды интеллектті қолдану, платформалық экономика, Big Data (үлкен деректер) және өзге де цифрлық процестерді реттеу көзделеді. Мемлекет цифрлық ...

Читать далее »

Президент: «Түркі мемлекеттері ұйымы аясында энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибе кеңесін құруды ұсынамыз»

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде қазіргі жағдайда энергетика мәселесіне де баса мән беру керек екенін айтты. – Бұл – экономикамыздың тірегі, стратегиялық әріптестігіміздің негізі. Бүгінде біз ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудамыз. Энергия тасымалдаудың қауіпсіз әрі ыңғайлы жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергия дәлізі – осы саладағы жемісті ынтымақтастық үлгісі. Сонымен бірге жаңартылатын энергия көздеріне, ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысы: «Біз 2040 жылға дейінгі Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға баса мән беруіміз қажет»

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде экономикалық ынтымақтастықты тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің түп негізі ретінде атады. – Біз 2040 жылға дейінгі Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға баса мән беруіміз қажет. Бүгінгі саммит осы жоспарды нақты шаралармен толықтыруға тиіс. Ұйымға қатысушы әр мемлекеттің өзіне тән артықшылығы және жетістігі бар. Соған қарамастан Ұйым аясында сауда-экономика саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты. – Түбі бір түркі жұртының тарихы – тамырлас, халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар деп үнемі айтып жатырмыз. Мұның бәрі – берекелі бірлігіміз бен мәңгілік ынтымағымыздың алтын арқауы. Жақында ...

Читать далее »

Ауыл шаруашылығын дамыту – экономиканың стратегиялық бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек», – деп атап өтті. Сондай-ақ Президент «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет» екенін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде өндірістің барлық сатысын қамтитын, заманауи технологиялар мен цифрландыру тәсілдерін кеңінен қолданатын үздік агрокәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Мұндай кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға, ...

Читать далее »

Цифровая трансформация как приоритет стратегического развития Казахстана

В своём последнем Послании от 8 сентября 2025 года Президент Касым-Жомарт Токаев ясно обозначил вектор развития страны — в сторону глубокой цифровой трансформации. Цифровая модернизация перестаёт быть просто инструментом – она становится основой экономического роста, эффективного управления и конкурентоспособности на международной арене. Президент подчеркнул, что озвученные им задачи неразрывно связаны с цифровой модернизацией страны, а значит, требуют системного подхода на ...

Читать далее »

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. ...

Читать далее »

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. ...

Читать далее »

Жұмысшы мамандықтар – қоғамның құнды негізі

2025 жыл – Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастама – қол еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына деген құрметтің айқын көрінісі. Қоғамның ілгерілеуінде жұмысшы мамандықтардың орны ерекше. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механик, жүргізуші, электрик сынды мамандар – күнделікті тіршіліктің тұтқасы. Олар – қалалар мен ауылдарды көркейтіп, өндіріс пен инфрақұрылымның дамуына тікелей үлес қосып жүрген азаматтар. Еңбек адамы – ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты

Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды. – Бәріміз «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. «Достық – Мойынты» жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз. Ал тарихымызға үңілсек, осыдан отыз бес ...

Читать далее »

Жастардың жарқын болашағы – стратегиялық дамудың негізі

Қазақстан жан-жақты және түбегейлі реформалардың нәтижесінде дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Алда қарқынды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр. Осы бағытта біз айқын бағдарымыздан айнымай, нық қадаммен алға жылжуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мен жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыруға бағытталған. Бұл — стратегиялық бағдарламамыздың ...

Читать далее »

⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Еңбек күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар. Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз. Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі ...

Читать далее »

АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті

2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті. Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған. ...

Читать далее »

Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстарының адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейтіні атап көрсетілген. Мемлекет білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізуі тиіс. Сонымен қатар кадр тапшылығын жою мақсатында көші-қон саясатын қайта қарау қажеттігі айқындалды. Үкімет Ұлттық банкпен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын ...

Читать далее »

День труда: Олжас Бектенов от имени Президента вручил награды представителям рабочих профессий

Премьер-министр принял участие в республиканском форуме «Еңбек адамы – Ел мақтанышы», посвященном празднованию Дня труда. От имени Главы государства Олжас Бектенов вручил государственные награды представителям рабочих профессий, внесшим вклад в укрепление и развитие экономики Казахстана, сообщает Primeminister.kz. Обращаясь к участникам форума, Премьер-министр подчеркнул, что обозначенный Президентом на Национальном курултае принцип «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» стал одним из ...

Читать далее »

Еңбек күні: Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапаттар табыстады

Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасының нығаюына және дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап ...

Читать далее »

ҰЭМ Арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде Үкімет қаулыларының жобасын ұсынып отыр. Талқылауға шығарылғандар: жеңілдетілгендекларациянегізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі; өзін-өзіжұмыспенқамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі. Бұл құжаттар Кодекстің 718 және 723-баптарын орындау үшін әзірленген және арнайы салық режимін қолдануды ретке келтіруге, ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Тыйым салу тізімі Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданыстағы екі режимнің, жеңілдетілген ...

Читать далее »

Глава государства выступил на заседании Национального совета по науке и технологиям

В начале своего выступления Касым-Жомарт Токаев отметил, что наука и технологии имеют стратегически важное значение для всех государств. – В передовых странах их развитию уделяется приоритетное внимание. Мы все являемся свидетелями трансформации современного мира. Глобальная геополитическая ситуация остается нестабильной, сохраняются многочисленные угрозы и вызовы. Но, как гласит китайская пословица, «там, где таится опасность, всегда скрыта возможность». Наступило время инвестиций, знаний ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен технология барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды. – Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ахуал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатерлер аз емес. Бірақ қытай халқының белгілі пайымдауына сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез ...

Читать далее »