Ел жаңалықтары — Страница 182 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Қайғылы жағдайға жол берген мемлекеттік орган қызметкерлері жазаға тартылады — Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді. Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Читать далее »

Қордайдағы оқиғадан 8 адам қаза тапты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында ауылдастар арасында болған жанжалдан сегіз адам қаза болып, 40-тан аса адамның әртүрлі жарақат алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Xnews. Министрдің сөзінше, 7 ақпан күні сағат 19.00-де Жамбыл облыстық Полиция дептарментінің кезекші бөліміне 70 адамның қатысуымен топтық төбелес жайлы ақпарат келіп түскен. «Арандатушылар мен куәгерлер жанжалды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан. Сонымен қатар азаматтарды құқыққа ...

Читать далее »

Алматыдағы бірқатар базар жабылды

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелестен кейін Алматыдағы Барахолка базары уақытша жабылды деп хабарлайды Xnews. Бүгін әлеуметтік желідегі Орта Азия көлеміндегі ірі базарлардың бірі – Алматыдағы барахолканың жабылып қалғанына қатысты ақпарат тараған. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.  Сіздер түсінулеріңіз керек. Өйткені, соның ішінде барахолка базарында қақтығыс жасауға үндеу жасалған. Осыған сәйкес сақтық шаралары күшейтілді, ...

Читать далее »

4 жыл бойы түрмеде отырған шымкенттік ақталып шықты

«Өмірім күл-талқан болды». Төрт жыл бойы текке түрмеде жатқан шымкенттік Роман Цой өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығып, өтемақы ретінде 5 миллион теңге өндіріп алды деп абарлайды Xnews KTK телеарнасына сілтеме жасап. Есірткі сататын жын-ойнақ орын ұйымдастырды деп айыпталып, 7 жылға сотталған Шымкент тұрғыны түрмеде жатып өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шықты.   Өзін ақтап қана қоймай, мемлекеттен өтемақы талап еткен Роман Цойға Қаратау ...

Читать далее »

Коронавирус жұқтыру жөнінен күдікке ілінген 41 адам тексеріліп жатыр

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Еліміздегі оқшауланған блоктарда бас-аяғы 66 адам болған. Барлығынан қызу көтерілу және тұмау белгілері анықталды. Бірақ тыңғылықты тексеріс нәтижесінде оның 25-сі ауруханалардан шығарылған. Күдікке іліккен науқастардың сынамалары Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жіберіледі. Ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалауға арналған әдістеме бар. Үкіметтің қорынан қосымша 1 жарым миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қауіпті ...

Читать далее »

Ел ішіне жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды

Жалған ақпарат таратқан адам жазасыз қалмайды. Өйткені әрбір ресми расталмаған ақпарат, елді дүрліктіріп, қоғамға кері әсер тигізуі мүмкін деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны Айгүл Мұсақанова өткен жылы әлеуметтік желі арқылы «Күршімнің жері қытайға сатылды» деп жұртты шулатқан еді. Аз уақыт өтпей бұл әйел таратқан хабарламасының еш дәлелсіз екенін ұғынып,қайтадан желі ...

Читать далее »

Қызылорда облысындағы сақ дәуірінің қорымы құрылыс алаңдарының астында қалды

Жаңақорған ауданындағы «МАИ бекеті» деп аталған ықшам аудан маңында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа жататын 18 обаның бар екені осыдан 45 жыл бұрын ғарыштық түсірілімдер негізінде анықталған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Археологиялық қазба барысында алтын бұйымдар табылған тарихи орынның өз деңгейінде қорғалмауына жергілікті жанашыр тұрғындар алаңдаушылық білдіріп отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан «алтын адам» табылды. Жаңақорған кентінің ...

Читать далее »

Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа ...

Читать далее »

Жамбыл облысында малға қасқыр шабуына байланысты арнайы топ құрылды

Жамбыл облысы Қызыләуіт ауылындағы малына қасқыр шапқан шаруаның шығыны өтелмеуі мүмкін, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өтемақы тек түліктен жұқпалы індет анықталса немесе сақтандырылған жағдайда ғана берілетін көрінеді. Еске сала кетейік, кеше Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде малға қасқыр шауып, 200 бастан астам қой мен ешкісін қырып кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Салдарынан шаруа қыруар шығынға ...

Читать далее »

Жамбыл облысында қасқырлар бір түнде қожалықтың 200-ден астам қой-ешкісін қырып кетті

Ағадал малынан айырылған шаруа түз тағысымен күресуге қауқар жоқ дейді. Өйткені жыртқышты атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасы. Оқиға Талас ауданының Қызыләуіт ауылы маңында болған. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгеріп, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен. Бұдан бөлек, Павлодар облысының орталығынан ...

Читать далее »

Атырауда халал дүкеннен ет алған отбасы қонақтарымен бірге уланып қалды

Атыраулық отбасы «Халал» дүкеннен ет сатып алып, қонақ шақырған. Дастарханға қойылған асылған еттен ауыз тигеннің бәрі уланып, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап. Зоя Сатқанғалиева мереке қарсаңында Халал дүкенінен 50 мың теңгеге 26 келі ет салып алған. Ет асып, одан ауыз тигеннің бәрі астан уланғандарын айтып, шағымданыпты. Зоя әжейдің сөзінше, келген қонақтың бәрінің іші ...

Читать далее »

Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

Қызылорда облысында талапқа сай емес 256 келі азық-түлік сауда сөрелерінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт және кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Олардың таңбалануы дұрыс емес. Сондай-ақ құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болған. Тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде өткен жылы сауда ...

Читать далее »

Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты. Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады және осы тұрғыдан алғанда олар ағаш төсектен де мықты. «Бірақ үстінде секіретін болсаңыз, ол да ағаш төсек сияқты қирап қалады», — дейді Такэси Китадзима. Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек ...

Читать далее »

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды pyx.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған. Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған. Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа ...

Читать далее »

Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі. Ролик YouTube-тегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камераларына түсірілген. Лайнер жер үстінде сырғанап, қоршауды тесіп өтіп, фонарьды бұзады.

Читать далее »

Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады

Қазақстандықтарды 2020 жылы көп демалыс күтіп тұр. Тек жаңа жылдық мерекеге орай ел тұрғындары төрт күн қатарынан демалады деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 2020 жыл қазақстандықтарға 23 демалыс күн сыйламақ. Тек жаңа жылдық мерекенің өзінде ел тұрғындары 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демала алады. Бірақ, оларға жексенбі күнге түсетін 5 қаңтар күні жұмысқа шығуға тура келеді. Артынша 6 ...

Читать далее »

Алматы әуежайында ұшақ құлады

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, «Алматы — Нұр-Сұлтан» бағытында әуеге көтерілген «Бек Эйр» әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: «Фоккер-100». Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің ...

Читать далее »