Ел жаңалықтары — Страница 105 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

МСАК-тың 550-ден астам маманы біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқуға кірісті

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады. Бастама денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің — халыққа медициналық қызмет көрсетудің базалық деңгейінің қосымша кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша білім берудің ауқымды бағдарламасын іске ...

Читать далее »

Энергетика вице-министрі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысына дайындық барысын тексерді

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жоспарланған учаскеге жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты — энергетика саласындағы еліміздің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі бойынша құрылыс кезеңіне дайындық барысын бақылау. Сапар барысында вице-министр құрылыс-монтаж жұмыстарының кезеңдерімен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ, олармен логистика, техникамен қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру мәселелерін талқылады. ...

Читать далее »

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді

2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ...

Читать далее »

Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған. Мемлекеттік сатып ...

Читать далее »

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы бір минут үнсіздікпен қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті. Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадын тамашалау үшін Мәскеуге ұшады. © «Хабар» телеарнасы

Читать далее »

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: в Астане презентовали книгу редких фронтовых писем

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: в Астане презентовали книгу редких фронтовых писем В честь празднования 80-летия Великой Победы в Евразийском национальном университете состоялась презентация книги «Хат жаздым қалам алып қан майданнан», где собраны неизвестные архивные письма казахских героев с фронта. В мероприятии участвовали государственные и общественные деятели как Куаныш Султанов, ректор ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, академик НАН РК Ерлан Сыдыков, ...

Читать далее »

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: Астанада майдангерлердің мұрағат хаттарынан жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: Астанада майдангерлердің мұрағат хаттарынан жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Еуразия ұлттық университетінде майдандағы қазақ батырларының белгісіз мұрағат хаттары жинақталған «Хат жаздым қалам алып қан майданнан» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерлан Сыдықов, жазушы-публицист ...

Читать далее »

Қазақстандық авиация инспекторы 50 жаһандық геокеңістік таланттарының қатарына енді

Испания астанасы Мадридте сандық геокеңістіктік шешімдерге арналған «Дүниежүзілік геокеңістіктік форум (GWF)» халықаралық конференциясы өтті, онда халықаралық сарапшылар қауымдастығының пікірі бойынша геокеңістіктік технологиялар саласындағы әлемдік таланттардың тізімі жарияланды. ТОП-50 әлемдік таланттардың қатарына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рұқсат беру бөлімінің бастығы, Қазақстанның авиациялықәкімшілігінің (ҚАӘ) бас авиация инспекторы И.Хусаинова кірді. Конференцияда И. Хусаинова геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану, атап айтқанда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу ...

Читать далее »

Алматыда шала туған сәбилерді зағиптықтан сақтайтын ерекше операциялар жасалды

Алматыда Қазақстан медицинасының тарихында алғаш рет шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау – сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операция бойынша халықаралық шеберлік сыныбы өтті. Бұл хирургиялық тәжірибенің төрт күні ғана емес еді – осы төрт күннің ішінде шын мәнінде жанарлар, жарық әлем мен болашақ құтқарылды. Өйткені сәби шақтан көру қабілетінен айрылып қалу – тек медициналық ...

Читать далее »

Қызғалдақтар — даламыздың символы

2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы — Кемпіртас» соқпағында VIl — аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Оған 40-тан аса Кентау балалар көркемсурет мектебі, Юнеско клубы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпаққа туған жеріміздің әсем табиғатына деген сезімін оята отырып, қоршаған ортаны сүюге баулу. Естеріңізге сала кетейік, ...

Читать далее »

Туркестан: В Созаке состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию победы

Сегодня на Мемориале «Даңқ» в Созакском районе состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и 80-летию Великой Победы. В ходе сбора чествовали воинов, самоотверженно проявившие героизм в годы войны. Также были возложены венки, собравшимся была роздана Лента Победы. Кроме того, был зачитан Коран духам погибших в Великой Отечественной войне и умерших в мирной жизни ветеранов. Аким района Мухит Турысбеков, который ...

Читать далее »

Түркістан: Созақта жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Бүгін Созақ ауданындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, гүл шоқтары қойылып, жиналған қауымға жеңіс лентасы таратылды. Одан бөлек, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран бағышталды. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ...

Читать далее »

Түркістандық шахматшы ел чемпионы атанды

Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас шахматшы қатысып, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен Азия чемпионатына жолдама үшін бақ сынасты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан тұрды және 60 минут+30 секундтық уақыт форматы бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлігі мен ойлау жылдамдығын танытып, тартысты бәсекеде өз мүмкіндіктерін ...

Читать далее »

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды. Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады. Жалпы алғанда Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады. Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, ...

Читать далее »

1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты

Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды. Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілді. t.me/aqorda_resmi

Читать далее »

500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталды. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы. 110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. t.me/aqorda_resmi

Читать далее »

Жеңістің 80 жылдығына арналған парад майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздейді

Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген. Алғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын «Бук», «Тор» зенитті-ракета кешендері, «Барыс», «Алан», «Айбар», «Таймас», «Террекс» дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырып отыр. Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды ...

Читать далее »

ТЖМ материалдық-техникалық базасын дамыту: адам өмірін құтқарудың жаңа мүмкіндіктері

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын ауқымды жаңарту жүзеге асырылуда. Құтқару бөлімшелерін заманауи техникамен, тікұшақтармен және ұшақтармен жабдықтауға және олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін киім-кешекпен жабдықтауға ерекше назар аударылады. ТЖМ басшысы аумақтық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді тұрақты дамыту бағытын ұстанады. ТЖД автопарктері өмірді құтқару, төтенше жағдайларға ден қою және оларды жою үшін арнайы ...

Читать далее »

Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды

Карачи қаласында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің 500-ден астам бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты. Форумға нақты мәмілелер мен ұзақ мерзімді әріптестікке бағытталған кәсіпкерлердің белсенділігі ерекше серпін берді. Іс-шара аясында бірнеше коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде қазақстандық Optima Development компаниясы мен пәкістандық Friesland Campina Engro арасында жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларын құрайтын келісімшарт жасалды. ...

Читать далее »

ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсанында ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығымен Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына патриоттық мақсатта көтерілді. «Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді», — ...

Читать далее »