ТОП-10: Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, ал экспорты 4,8 есе өсті. Импорт 11%-ға азайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдегі үздік 10 экспорттаушының қатарына еніп, 8-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі.

Өткен маусымда май мен шрот экспортынан $562 млн табыс түсті. Жақын жылдары бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Біз ішкі нарықты толық қамтып, экспортты арттырудамыз. QazTrade экспортты қолдаудың нақты құралдарын іске асыруда: сауда миссиялары, акселерация, шығындарды өтеу. Соңғы 5 жылда өсімдік майы экспорты тұрақты өсуде», — деді QazTrade бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

x

Check Also

Arman-PV: оқулықтан тыс та ұлтқа қызмет ету

Дидара Алинамен сұхбат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кітаптар мен оларды шығару қызметтері қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл ...

Арыста биыл 26 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Арыс қаласында инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 ...