Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі елімізде интернет желісін пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттердің саны артып келе жатқанын, олардың басым бөлігі тергеуге байланысты қиындықтарға байланысты ашылмаған күйінде қалып отыр деп хабарлайды Xnews. Соңғы бірнеше жылда Интернет желісін пайдалана отырып жасалған қылмыстар, оның ішінде интернет-алаяқтық саны артты. Егер 2018 жылы шамамен 4 мың интернет-алаяқтық тіркелген болса, оның шамамен 3500-і ашылмаған күйінде қалып отыр. ...
Читать далее »112
ІІМ шетелдік интернет-алаяқтардың жұмыс істеу тәсілін айтты
Жыл басынан бері елімізде 13 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Соның салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шекті, оның 70% қала тұрғындары, қалған 30% ауыл тұрғындары. Бұл туралы Мәжілісте өткен тыңдауда Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті. Оның айтуынша, зардап шеккендердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Олардың арасында бюджеттік сала қызметкерлері де, мемлекеттік қызметшілер де, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. ...
Читать далее »Антикор 7 мемлекеттік орган басшысын әкімшілік жазаға тартты
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бергені анықталды. Нәтижесінде, аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған. Мемлекеттік қызметке кірген кезде қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында ...
Читать далее »Түркістанда жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды
Ағымдағы жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды. Соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алды. Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталды. Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді. Ең жоғары ...
Читать далее »Шәуілдірде балабақша күзетшісі зорлаған балалар саны көп болуы мүмкін (видео)
Түркістан облысында сұмдық жағдай болған. Шәуілдір ауылындағы балабақша күзетшісі 2 және 4-сыныпта оқитын қыздарды зорлап келген деген күдіке ілінді. Қамауға алынған 33 жастағы тұрғын азғындық жасағанын мойындап отыр. Облыстық полиция департаменті зорланған қыз саны үшеу екенін айтады. Ал ауыл жұрты педофилдің отбасы көшіп кетуін талап етуде. Шәуілдір жұрты үш күннен бері есеңгіреп жүр. Ауылдың 33 жастағы тұрғыны педофил деген күдікпен ...
Читать далее »Несиесі төлеу үшін «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдаған
Түркістан облысында өз несиесін төлеу үшін мемлекеттен ақша алып беремін деп тұрғынды алдап, 5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды,–деп хабарлайды Түркістан облысының Полиция департаменті. Жетісай аудандық полиция бөліміне 3 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныстары кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде беріп, 5 миллион теңгеден астам ақша алып, қайтармаған. Содан әр жәбірленушіден қомақты ...
Читать далее »Қай өңірде алаяқтық көп жасалады
Бас прокуратура еліміздің қай өңірінде алаяқтық көп екенін айтты. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректері бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендегені байқалған. Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30 пайыз болады. Аймақ бойынша ең көп алаяқтық: Алматы қаласы — 6742, Астана — 5358, Қарағанды облысы — ...
Читать далее »Интернет-алаяқтық әрі басқа да заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталды
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов: еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде баяндады. Сондай-ақ, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден ...
Читать далее »50-ге жуық адамның қалтасын қаққан құрбы қыздар ұсталды
50-ге жуық қазақстандықты 40 млн теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медия-порталы. Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Сондай-ақ күдіктілер белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. Сатып алу үшін қажетті кодтарды білгеннен кейін, олар ...
Читать далее »App Store дүкенінен алаяқтық инвестициялық қосымшалар табылды
«Касперский зертханасының» сарапшылары App Store дүкенінен орыс тілді қолданушыларға көзделген бірнеше алаяқтық қосымшаларды тапты. Бағдарламалар криптовалюталарды есепке алу үшін әртүрлі платформаларға, тіпті қаржылық сауаттылықты тексеру үшін шағын ойынға еліктейді. Зиянкестердің мақсаты-ықтимал құрбандарды қаржылық скам-жобаларына тарту үшін iOS құрылғыларының иелерінің жеке деректерін алу. Жалған қосымшалар. Егер адам App Store дүкенінен осындай қосымшалардың бірін орнатып, оны іске қосса, бағдарлама фишингтік HTML бетін жүктейді. ...
Читать далее »Алаяқтар адамның сенгіштігі мен қорқынышын қалай пайдаланады
Жыл басынан бері елімізде 13,7 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген. Алаяқтардың айласына тек егде кісілер ғана емес, жоғары білімі бар және IQ деңгейі жоғары азаматтар да түсіп қалады. Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді қолданады және оларға қалай қарсы тұруға болады? ҚазАқпарат осы мәселеге көз жүгірткен Fingramota шолуын жариялайды. Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді қолданады? Алаяқтың стереотиптік портреті әдетте мынадай болып келеді: ол эмоционалды интеллектісі төмен және басқа ...
Читать далее »Түркістан облысындағы жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиналыс өтті
Келес ауданында жасөспірімдер арасында орын алған келіспеушілік бойынша Түркістан облысы ПД бірден оқиға орнына шығып, тиісті қызметтерін атқарды. Сонымен қатар ҚР ІІМ Е.Саденовтің тапсырмасымен мектептің мәжіліс залында ауқымды жиналыс өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы, яғни Тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Оған қоса облыс прокуратурасының өкілі, аудан әкімі, аудан прокуроры, адами ...
Читать далее »Алаяққа алданбау үшін не істеу керек
Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқ көп, ал қорғану жолы біреу-ақ: пәтерді көріп, келісімшартқа қол қоймай тұрып, ешқашан ешкімге алдын ала ақша бермеңіз! деп ескертеді Krisha.kz. БІР ТИЫН БОЛСА ДА! Krisha.kz баспана сатып алғанда не жалға алғанда қажетіңізге жарайтын қауіпсіздік ережелерін еске салады. «Брондау» үшін ақы сұрайды Біреулер жылап-сықтап, көңілді босатса, тағы бірі тапшылықты пайдаланады. Сценарий көп, бірақ бәрінің көздегені біреу — кепілақы, алдын ...
Читать далее »Мамандар алаяқтарға тән екі белгіні атады
Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді қолданады? Белгілі болғандай, алаяқтар көбінесе адамдардың сенгіштігі мен қорқынышын өз мақсатына пайдаланады, деп хабарлайды baq.kz. ҚР Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылдың басынан бері еліміз бойынша 13,7 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Алаяқтардың айла-тәсілдеріне тек егде жастағы адамдар ғана емес, сонымен қатар жоғары білімі бар және IQ деңгейі жоғары азаматтар да түсіп қалады. Алаяқтар қандай психологиялық ...
Читать далее »ТМД елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топтар көбейген (видео)
Жыл басынан бері ТМД елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету бойынша 37 қылмыстық іс қозғалып, 188 адам ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Түркістанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында айтылды. Жиынға қатысушылар экономикалық жаһандану мен ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне ықпал етіп отыр дейді. Оған қарсы бірлесе күрескенде ғана тосқауыл қоюға ...
Читать далее »arum-lavan.co, arumlavan.com — алаяқ брокерлер (видео)
Кезекті алаяқтық жоба — Arum-Lavan.co, Arumlavan.com — сайтқа сенуге болмайды. Алаяқтар сізге осы Arum Lavan платформасынан ақша алуға жол бермейді. Бірақ кейде алдауды жүзеге асыру үшін клиентке аз ақша табуға, содан кейін үлкен инвестиция алуға мүмкіндік беріледі. Тұзаққа түсіргеннен кейін олар өздері сізді сотқа береміз деп қорқытып инвестициялар тарту үшін бопсалауға кіріседі (олар алдау үшін психологиялық әдістерді қолданады). Сақ болыңыз! ...
Читать далее »Түркістандық полицейлер үш күнде жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 13 дерегін анықтады
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Арнайы құрылған топпен табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарында жүйелі жұмыс жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Сайрам ауданында 5, Арыс ауданында 3, Келес ауданында 4, Шардара ауданында 1 деректі анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ...
Читать далее »Интернет-алаяқ азаматтардың сеніміне кіріп 5 миллион теңгеден астам ақша жымқырған
Түркістан облысының бұрын сотты болған тұрғыны шымкенттіктердің 5 млн теңгесін алаяқтықпен жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медия-порталы. Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан облысының тұрғыны жүгінді. Жас жігіт оған WhatsApp арқылы хабарлама келгенін айтты. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып, оның шотындағы барлық қаражатты аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, берген қаржыны аламын ...
Читать далее »Қабылданған шаралар нәтижесін бере бастады
Қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау аясында полиция басқарма тарапынына тәулік бойы тиісті жұмыстар атқарылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстар өткен жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 28.6 пайызға (696-ден 497-ге) төмендеп, 10 мың халыққа шаққанда 33,7-ні құрады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 33,0 пайызға (233-тен 156-ға) төмендеп, қылмыстардың ашылу деңгейі 80,4 пайызды құраған, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,4 пайыз(5% артқан) болған. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян ...
Читать далее »Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамға үкім шықты (видео)
Шымкентте 5 жасар қызды зорлап өлтірген азғын сотталды Шымкентте 5 жасар қызды зорлап өлтірген азғынға сот үкімі шықты. Екі баппен кінәлі деп танылған Сайдолим Гаийбназаров енді өмірінің соңына дейін түрмеде отырады. 48 жастағы педофилға, сондай-ақ химиялық кастрация жасалып, 100 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Ал қаршадай қыздың қазасына қара жамылған ата-ана Сарыағаш ауданының судьясы мен прокурорларын да айыптап отыр. ...
Читать далее »