Алматыдағы жер сілкінісі бастан-аяқ видеоға түсіп қалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Алматыдағы жер сілкінісі бастан-аяқ видеоға түсіп қалды

Бүгін әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі түсіп қалған видео тарады.

Екі минутқа созылатын видеода 23 қаңтар түнгі 00:09 кезінде басталған зілзаланың жерді қалай қимылдатып, тербеп жатқаны түсіп қалған. Бұл жағдай 00:11-ге дейін жалғасады.

Ғимарат сыртына немесе көшеге орнатылған видеокамера Алматының таулы аудандарында тұрғаны көрініп тұр. 

Еске салайық, бүгін, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді.

Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. Салдарынан үрей бой алдырған тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығуға бекінген. Мұның арты көлік кептелісіне ұласып, жанармай бекеттерінде кезек пайда болған. Халық арасындағы байбаламды пайдаланып такси бағасын бірнеше есе көтеріп жіберу фактілері де тіркелді.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілген.

Қазақпарат

 

x

Check Also

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең ...