Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодексте жастарды жұмыспен қамту мемлекет, жұмыс беруші, яғни жұмыспен қамтылатын азаматтың жауапкершілігі қағидатымен жүргізу қарастырылмақ. «2000 жылдан кейін туған жастар бүгінде еңбек ...
Читать далее »Авторские архивы: editor
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ» ЕНГІЗІЛЕ БАСТАДЫ
Бүгін Түркістан қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова іссапармен келді. Сапар барысында министр Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Президент жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру, Әлеуметтік кодекстегі жаңашылдықтар бойынша брифинг өткізді. Қазақстанда 1 қыркүйектен бері Әлеуметтік кодекс жобасы аясында пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Осы орайда, министр Отбасының цифрлық картасын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ...
Читать далее »Т. ДҮЙСЕНОВА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Сапар барысында министр ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту туралы айтып берді. Тамара Дүйсенова өз сөзінде бүгінгі таңда 116 мемлекеттік интернат-үйлермен қатар 174 ҮЕҰ және жеке ...
Читать далее »Т. ДҮЙСЕНОВА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ҚАЛАДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістанға жұмыс сапары барысында «Turkestan Textile» БК» ЖШС тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді. Сөз басында Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастықтан 1000-нан астам ұсыныс түскенін, 50-ден астам ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Министр Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтарды жұмысқа орналастыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты. Министр кездесуге қатысушыларды Отбасының ...
Читать далее »Т. ДҮЙСЕНОВА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ҚАЛАДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістанға жұмыс сапары барысында «Turkestan Textile» БК» ЖШС тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді. Сөз басында Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастықтан 1000-нан астам ұсыныс түскенін, 50-ден астам ...
Читать далее »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ
Жекеменшік мектеп салудан Түркістан облысындағы Сайрам ауданы көш бастап тұр. Ақсукент ауылында бүгін 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы сайрамдықтармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Айқындаған міндеттер мен жоспарларды баяндаған облыс ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫНА 772,8 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНБАҚ
Түркістан облысында жалпы құны 12,7 млрд. теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 1000-ға жуық жұмыс орны ашылды. Биыл облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көрсеткіші 340 млрд. теңгеге жуық. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7% жоғары. Жалпы жылдық жоспар — 772,8 млрд. тг. Өңірде 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,1 трлн. теңгеге 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асыру ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ АТАНДЫ
Бүгін облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы екі бірдей жетістікке жетіп отыр. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында өтіп жатқан «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ұйымының отырысында облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекова «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапаттады. Оны «Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова тапсырды. Бұл мәртебе еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек бір кітапханашыға беріледі. – Жыл сайын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАЗЫБЕК ИСАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістанда халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырымды айттым далаға» шығармашылық кеші өтті. Алдымен келген қонақтар шығармашылық кітап көрмесін тамашалап, Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген «Текті сөздің төресі» термелер жинағының тұсауын кесті. Содан соң мерейтой иесіне арналған «Тәуелсіздік тарландары» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Ақынның туған жері шағалалы Шардарадан бастау алып, Түркі әлемінің ...
Читать далее »«АЯҚТАЛАТЫН ЖҰМЫСТЫҢ СОҢЫНДА ЖҮРІП, АТҚАРЫЛАТЫН ТІРЛІКТІ ЕСТЕН ШЫҒАРЫП АЛМАҢЫЗДАР»
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бөлім басшыларымен өткен жиналыста осылай деді. Тапсырмалардың орындалуы туралы есептер тыңдалғанда қала басшысы 2023 жылғы жоспарға бірінші кезекте енгізілетін мәселелерге арнайы тоқталды. «Жұмыс жоспарын осы кезден тиянақтаңыздар. Құжаттарды рәсімдеу кешіктірілмесін. Ұсыныс сектор жетекшілерімен бірге дайындалуы тиіс. Барлық мәселені өзектілігіне қарай зерделеп, жоспарлаңыздар», — деп, орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЕУРАЗИЯ ДАЛАСЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ БАСТАЛДЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі басталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум әлемнің 28 елінің ғалымдары мен білікті мамандарының басын қосып отыр. Алқалы жиынның пленарлық мәжілісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейне құттықтау сөзімен ашылды. Министр ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің ең бірінші иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан XХ халықаралық турнир басталды. Дүбірлі сынға Қытай, Қырғыз республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Йемен мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 160-қа жуық спортшы келді. Турнирдің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысушылар мен спорт жанкүйерлерін құттықтады. – Түркістан төріндегі ...
Читать далее »МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ
Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні шаһардағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан. Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде ...
Читать далее »МАҢДАЙШАЛАР МЕН ЖАРНАМАЛАР ТАЛАПҚА САЙ МА?
Облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар және мемлекеттік мекемелерде рейдтік бақылау жүргізілді. Аралау барысында нысандардың тазалығы мен заңдылығы тексерілді. Екі жүзден аса нысан бақыланған шараға қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Айдос Зейнуллаұлы, Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әбдірахман Есентайұлы, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Калдарұлы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?
Облыс орталығында “ЖАСӨСПІРІМ” рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда. Балалар мен жасөспірімдердің беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы мен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, “Адами әлеуетті дамыту” бөлімі және қалалық прокуратурамен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді. Бақылау нәтижесінде ішкі істер органына 25 жасөспірім жеткізілді. Олардың ата-аналарына- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке ...
Читать далее »ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Облыс орталығында кезекті республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды. Шара қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бәйгеде еліміздің түрлі аймағынан келген ең жасы 8 жасар спортшыдан бастап, 17 жасқа дейінгі спортшы бақ сынасуда. Жалпы саны 64 спортшы Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген. Доданың ашылуында алғы сөз алған қала ...
Читать далее »ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ! ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ!
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында сауда нысандарының басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Сонымен бірге, қала аумағындағы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерде «Өрт қауіпсіздігін сақтау» жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Өрттің алдын алу үшін: – базар ауласында ашық от көздерін пайдалануға; – кез келген орындарға қоқыстарды (жанғыш заттарды) жинауға немесе оны өртеуге; – ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Қазақ күресінен Сайрам ауданында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнир өтті. Тартысты додаға облыстың аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Қазақ күресін насихаттау мақсатында өткен шарада 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Түйе балуандар арасында бас жүлдеге қол жеткізген балуан Түркістан қаласының тумасы Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы «Nexia» автокөлігінің иесі атанды. ...
Читать далее »ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АЛҒАШҚЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
“Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының” ашылғанына 1 жыл толуына орай “Мәдениет және тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің» ұйымдастыруымен 22-25 қыркүйек күндері 8 бен 14 жас аралығындағы балалар мен 16 жастан жоғары жасөспірімдер арасында Үлкен теннистен ашық біріншілік өтті. Сайысқа Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан және Түркістан облысынан 68 теннисші қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 4 категория бойынша бақ сынасты. ...
Читать далее »