МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күні шаһардағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан.
Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.
Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез-келген құқық бұзушылықтың алдын жылдам алуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждер камералармен толық қамтылған.
x

Check Also

Абат та айбынды қала – Түркістан!

Түркістан – тағлымы терең тарих пен жаңарған бүгінгі буынның тоғысқан мекені. Ғасырлар қойнауынан жеткен көне шаһар бүгінде рухани мәртебесімен ғана ...

«Тұран төріндегі текті өлке»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың 3 наурызында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда ...