“Жұлдыз” индустриалды аймағын инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

“Жұлдыз” индустриалды аймағын инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады.

Нысан екі жобадан тұрады. 1-ші жобада 12,5 шақырым ауыз су, 58,2 шақырым электр желісі, 8,9 шақырым табиғи газ, 11,4 шақырым кәріз жүйелерінің құрылысы қамтылған.

Бүгінде мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС 8 шақырым ауыз су және 10 шақырым кәріз жүйелерінің траншеяларын қазу жұмыстарын орындады. Нысан 2022 жылға өтпелі. 2-ші жоба бойынша 13,2 шақырым автомобиль жолының құрылысы жоспарланған.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Impuls» ЖШС тарапынан жұмыстардың 10 %-ы атқарылды. Ағымдағы жылға №2 учаске аумағында 2,4 шақырым жол құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. Аталған нысан құрылысы да келесі жылға өтпелі.

Шымкент қаласында аумағы 306 га «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2021-2022 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Онда құны 100 млрд тенгені құрайтын 30-ға жуық инвестициялық жобалар жүзеге аспақ.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...