С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Биыл Шымшаһарда 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, С.Бәйтереков, Т.Рысқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар.
Шымкенттегі басты магистралды, көлік ағыны жоғары көше болып табылатын С.Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.
 
Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жаяу жүргіншілер жолына мәрмәр тас қосымшасымен жасалған жолаяқ төсеніші қойылған. Мердігердің айтуынша, ол ұзақ мерзімге шыдамды әрі қыста тайғақ болмайды дейді. Сонымен бірге, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы біткен. Күз мезгілінің соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...