“65 ТАLKS” зияткерлік жобасының тұсауы кесілді. — Xnews — ақпарат агенттігі

“65 ТАLKS” зияткерлік жобасының тұсауы кесілді.

Ы.Алтынсарин атындағы #65 мектеп-гимназияның мәжіліс залында алғаш рет “65 ТАLKS” зияткерлік жобасының тұсауы кесілді.
TEDx форматында өткізілетін аталмыш жоба мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утебаева Динара Калмуратовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылған болатын.
Жобаның координаторлары — өте білімді де білікті ұстаздар, өз ісінің нағыз майталмандары, жаңашыл да креативті мектебіміздің ұстаздары жобаның тізгінін ұстады:
— қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Абильдаева Ақбөпе Орысбайқызы;
— орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Спанова Жанар Айдархуловна;
— ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Сарыбаева Диана Жанғазықызы.
 
Жобаның мақсаты — таратуға тұрарлық идеяларды барынша көп адамдарға жеткізу, оқушылардың бойында ізденушілік қабілеттерді қалыптастыру немесе дамыту, сөз шеберлігі мен тілдік компетенцияларды дамыту, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру не жетілдіру, түрлі көзқарастарға құрмет көрсету.
Білім ордамыздың 10-сынып оқушылары қолдап, айтылу қажет өзекті мәселелердің қордаланғанын алға тартып, қызыға бір апта бұрын ізденіске кіріскен еді. 10 «В» сыныбының жас спикерлері — Дәуіт Сұлтан, Мұстафа Нұрай және Дарыбаева Ақназияға жобаның шымылдығын ашу жауапкершілігі жүктеліп, жаңа бастаманың қарлығаштары атанды.
 
«Қоқыс — ғасыр мәселесі» тақырыбы аясында спикерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөз өрбітіп, оның пайда болу себебі мен салдары , әлемдік тәжірибенің жетістіктері мен Шымкент қаласының бүгінгі ахуалының шынайы бейнесі және нақты шешу жолдарын көрсетті.
Көрермендерді, құрдастары мен сыныптастарын 3 тілде ойталқыға шақырды. Сахнадағы ең бастысы ой еркіндігімен аудиторияны елең еткізген сәттер, таным мен жаңашылдыққа ашық жас жеткіншектердің талабы көз қуантты. Бұндай жобаның қажеттілігі айқын және жүйелі ұйымдастырылатыны келесі спикерлерді шабыттандырғаны да анық.
Барлық талантты да креативті, жаны жаңашылдыққа жақын жастарға, сөзге шешен, озық ойлы оқушыларға, айтуға тұрарлық идеясы бар жас спикерлерді “65 TALKS” жобасында сөз өнерін көрсетуге шақырамыз!
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...