Шымкент «сары аймаққа» енді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент «сары аймаққа» енді

Шымкентте соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Еліміздегі «сары аймақтар» қатарына енді. Қалада 16 қыркүйек күні КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 84, белгілері жоқ – 18). 67 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 35 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 643 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 874 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 762 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 308 төсек орын бар, 146 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 7009 адам вакцина алды
(I компонент-4859, II компонент-2150). Егу науқаны басталғалы барлығы 477 496 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 392 630 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ өткен тәулікте 434 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 18 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сақтанайық, сақ болайық. Вакцина қабылдап пандемияны бірге жеңейік. Жақындарымызға жанашырлық танытып, екпе алуға шақырайық.
x

Check Also

Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын ...

Түркістан: Сарыағаштық белсенді жастар тазалық жұмыстарына қатысты

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында белсенді жастардың бастамасымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара аясында ерікті жастар тазалық жұмыстарын ...