Ресейде екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Көршілес орналасқан Ресейде қауіпті коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Өлім вирусын жұқтырғандар Забайкалье мен Тюмень облысынан анықталған, деп хабарлайды Xnews «Nur.kz» сайтына с3лтеме жасап.

Екі адамның қауіпті вирус жұқтырғанын Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова хабарлады. Мұндай ақпаратты Mash telegram арнасы жариялаған.

Арнаның дерегінше, екеуі де Қытай азаматтары.

Олар вирусты Қытайдан ала келулері мүмкін. Өйткені екеуі бірнеше күн бұрын аспан асты елінде болған. Науқастардың жағдай тұрақты, дене қызулары жоқ деп жазады Life Shot telegram арнасы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 9 800 адамға жеткен. Қауіпті вирус ғаламның 23 елінен анықталған.

Еске сала кетсек, бүгін 213 адамның жаңа вирустың құрбанына айналғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитетінің отырысында ҚХР аумағында тараған кісі өліміне әкеп соғатын жаңа вирус халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жарияланды.

РИА Новости-тың жазуынша, ұйым басшылығы коронавирустың кең таралып жатқанына қарамастан, Қытай билігі індетті тоқтата алады деп сенім артып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Вторая группа казахстанских специалистов водной отрасли отправилась на обучение в Китай

На двухнедельные курсы в КНР отправились 30 человек. Ранее из соседней страны вернулась первая группа из 30 специалистов. В этом ...

Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған ...