Түркістанда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық семинар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық семинар өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандық белсенділікті арттыру және «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асырудағы өңірлік тәжірибелермен бөлісу.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан кітапханалары одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Нұрғалиева, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев сондай-ақ, ұлттық және өңірлік кітапханалардың басшылары мен мамандары, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және жастар қатысты.

Жиынды ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов жүргізді.

Қатысушылар оқырманмен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері, балалар мен жастарды кітап оқуға тарту, кітапханалар мен білім беру ұйымдарының байланысын нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар кітапханалардың қоғамдағы рөлі, заманауи жұмыс тәсілдерін енгізу және өңірлердегі озық тәжірибелерді тарату мәселелері сөз болды.

Жиынды Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қорытындылады.

Республикалық семинар мамандардың кәсіби байланысын кеңейтіп, өңірлік тәжірибелерді бөлісуге және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Качественная питьевая вода для жителей: В Толебийском районе реализовано поручение Президента

В соответствии с поручением Главы государства по обеспечению отдаленных населенных пунктов питьевой водой в Туркестанской области системно ведется работа по ...

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету: Төле би ауданында Президент тапсырмасы орындалды

Мемлекет басшысы шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі ...