Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтады.
Конституция әркімнің ар-ождан бостандығына құқығын таниды. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және өзге адамдардың сеніміне төзімділік таныту – ортақ жауапкершілік.
Түркістан облысы – түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан, рухани мұрасы бай өңір. Мұнда конфессияаралық келісімді сақтау, діни сауаттылықты арттыру және жастар арасында радикалды көзқарастардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
Сенімге құрмет, өзара түсіністік пен төзімділік – бейбіт қоғамның берік негізі. Қоғамдық келісім әр адамның өзгеге құрметпен қарауынан басталады.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары