Бүгін ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерт «Астана» алаңында қайта жалғасты. Концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына әсем әндерін тарту етіп, мерекені сезіндірді.
Атап айтқанда, сахна төрінде Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және тағы басқа танымал әншілер өнер көрсетті.
Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған ауқымды мәдени іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, ұлттық мерекенің маңызын насихаттауды мақсат еткен.
Республика күні өткенді бағамдап қана қоймай, ел болашағына жауапкершілікпен қарап, жаңару мен жасампаздыққа ұмтылуға үндейтін маңызды мереке. Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы мереке Шымкент қаласында кең ауқымда аталып өтті.
Осылайша екі күнге жалғасқан мерекелік кештің соңы жарқын отшашумен қорытындыланды.
➖
Праздничный концерт завершился салютом
Сегодня на площади «Астана» продолжился праздничный концерт, посвященный национальному празднику — Дню Республики. В концертной программе звезды отечественной эстрады и местные артисты подарили жителям и гостям города свои прекрасные песни, создав праздничное настроение.
В частности, на сцене выступили такие популярные исполнители, как Жубаныш Жексенулы, Нуржан Керменбаев, Мадина Садвакасова, Дастан Оразбеков и многие другие.
Масштабное культурное мероприятие, организованное акиматом города Шымкент, было направлено на популяризацию национальных ценностей, укрепление единства народа, а также разъяснение значимости независимости и национального праздника.
День Республики — это важный праздник, который призывает не только осмыслить прошлое, но и с ответственностью посмотреть в будущее страны, стремиться к обновлению и созиданию. В этом году данный праздник совпал с новой исторической вехой Казахстана — 35-летием Независимости. Знаменательная дата в Шымкенте отмечалась с большим размахом.
Двухдневный праздничный вечер завершился ярким салютом.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары