Шымкентте «Ұлт мерейі – шыншыл сөз» форумы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Ұлт мерейі – шыншыл сөз» форумы өтті

Республика күні қарсаңында Шымкентте «Ұлт мерейі – шыншыл сөз» атты ғылыми-танымдық форум өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік реформалардың маңызы талқыланды. Сондай-ақ, әділеттілік, заң үстемдігі, білім мен ғылымды дамыту мәселелері де сөз болды.

Ұлт мерейі – шыншыл сөз» атты ғылыми-танымдық форумы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағын талқылауға арналды. Жиынның мақсаты, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін ғылыми тұрғыдан саралап, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру. Басқосуда ұлттық сана мен бірегейлік, тәуелсіздік, Конституция, заң мен тәртіп, ұлттық экономика, цифрландыру және жасанды интеллект тақырыптары қамтылды.

Нұртөре Жүсіп, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі: «Қазақ елі әлемдегі екі жүзден астам мемлекеттің арасында көк туын желбіретіп, Қазақстан Республикасы ретінде танылды. Міне, 35 тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеп, дамып келе жатқан кезеңіне бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан елдің дамуы мен өркендеуі, болашағы жастардың қолында екені анық».

Сонымен қатар білім мен ғылымның әлеуетін арттыру, рухани құндылықтарды сақтау және жастар саясатын дамыту мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар, ел тәуелсіздігін қадірлеу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жас ұрпақтың бойында жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Жанар Рысбекова, заң ғылымдарының кандидаты: «Қазір танда жасанды интеллект адамға бағынбай бара жатыр. Сол мәселе бар. Оны мысалға қалай біз заң қабылдау арқылы елімізде әрекет етеміз бе, әлде басқа әрекет жасаймыз ба. Бірақ осыған қатысты цифрландыру болсын, болмаса білімді дамыту, ғылымды терең дамыту, өтірік ғылым емес, дайектерге сеніп, адамдардың ақиқатқа сендіре отырып, сүйтіп дамыған қалаймыз. Соның бәрі осы кітапта да жазылған білімге қатысты да».

Жиында ғылыми ой мен қоғамдық пікірді тоғыстырып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мән берілді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдағы өзгерістерге саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

© “Otyrar” телеарнасы

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...