Түркістанда «Taiqazan» Fest гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Taiqazan» Fest гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

Түркістан қаласында Республика күні қарсаңында TURKISTAN GASTRO «TAIQAZAN» FEST гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара — өңірдің ұлттық тағамдарын, гастрономиялық мәдениетін және жергілікті брендтерін кеңінен танытуға бағытталды. Шаһардағы «Hampton by Hilton» қонақ үйінің маңында ұйымдастырылған фестивальге 40-тан астам қатысушы жиналып, келушілерге түрлі тағамдар мен гастрономиялық өнімдерді ұсынуда.

Фестиваль бағдарламасы аясында ұлттық тағамдардың таныстырылымы, бас аспаздардың шеберлік сабақтары, аспаздық байқаулар мен жергілікті өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, этномәдени бағдарлама, ұлттық дәстүрлер мен мәдени қойылымдар, өңірлік брендтердің таныстырылымы өтіп жатыр. Кешкі бағдарлама концерттік қойылымдармен және қорытынды шоумен жалғасады.

Бүгін сағат 11:00-де басталған фестиваль түнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...