Түркістан облысында Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады

Түркістан облысында 25 қазан – Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 23 қазан күні Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтеді. Сондай-ақ, 80 орындық Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана ашылып, «Жайнай бер, Түркістан!» мерекелік гала-концерті өтеді. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Қазақстан Республикасы: Егеменді даму және жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

24 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Turkistan Marathon – 2026» халықаралық марафонына қатысатын отандық және шетелдік спортшылардың қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи сабақтастық, конституциялық құндылықтар және жастар жауапкершілігі» тақырыбында студенттердің ғылыми конференциясы ұйымдастырылады.

25 қазан күні Сарыағаш қаласындағы жаңғыртудан өткен орталық стадион пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Түркістан қаласында «Turkistan Marathon – 2026» бұқаралық марафондық жүгіруі және ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтеді. Мерекелік іс-шаралардың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік рухты нығайту және өңір тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру.

➖

В Туркестанской области ко Дню республики проведут более 120 мероприятий

В Туркестанской области в честь Дня Республики, который отмечается 25 октября, организуют более 120 мероприятий. В частности, 23 октября в комплексе «Конгресс холл» в Туркестане состоится торжественное мероприятие «Қыран елім – Қазақстаным». Также откроется родильный дом имени шейха Мухаммеда бин Заида Аль Нахайяна на 80 мест и пройдёт праздничный гала-концерт «Жайнай бер, Түркістан!». Кроме того, в Международном казахско-турецком университете имени Х.А. Ясави состоится круглый стол на тему «Республика Казахстан: суверенное развитие и модернизация».

24 октября в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» пройдёт посадка деревьев с участием отечественных и зарубежных спортсменов, прибывших для участия в международном марафоне «Turkistan Marathon – 2026». В этот же день в Международном казахско-турецком университете имени Х.А. Ясави организуют студенческую научную конференцию на тему «Казахстанская государственность: историческая преемственность, конституционные ценности и ответственность молодёжи».

25 октября в городе Сарыагаш введут в эксплуатацию обновлённый центральный стадион. Также в Туркестане состоится массовый забег «Turkistan Marathon – 2026» и пройдёт церемония поднятия Государственного флага Республики Казахстан.

Основная цель праздничных мероприятий — популяризация национальных ценностей, укрепление патриотического духа и повышение общественной активности жителей региона.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұрт ауданында «Асарлату» акциясына екі мыңнан астам адам қатысып, арық-атыздар тазаланды

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында облыстық «Асарлату» акциясы өтті. Игі шараның негізгі мақсаты – арық-атыздар мен суару ...

Түркістандық кәсіпкерлерге Германия сарапшыларының тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі таныстырылды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер мен ұйым өкілдеріне арналған ақпараттық кездесу өтті. Жиында кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыру, халықаралық сарапшылардың тәжірибесін ...