Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін пайдаланушылар саны артып келеді. 2026 жылдың тоғыс айында осы қызмет арқылы 160 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 19,5%-ға жоғары. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 134 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған.
Жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін құжатты ауыстыру қажет. Бұдан бөлек, жеке деректер өзгерген немесе жүргізуші куәлігі пайдалануға жарамсыз болған жағдайда да оны жаңарту керек.
Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінімді цифрлық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болады. Жарамдылық мерзімі аяқталған куәлікті ауыстыру үшін 073- нысанындағы медициналық анықтама талап етіледі.
Дайын жүргізуші куәлігін өтінімде көрсетілген мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Ол үшін ескі нұсқадағы жүргізуші куәлігін және 5 406,25 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын түбіртекті ұсыну қажет.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-ға тікелей барып ауыстыруға да болады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
➖
160 тысяч водительских удостоверений заменили онлайн в Шымкенте за девять месяцев
В Шымкенте растёт число граждан, пользующихся онлайн-услугой по замене водительских удостоверений. За девять месяцев 2026 года таким способом было оформлено 160 тысяч документов – на 19,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. В 2025 году за этот период было оформлено 134 тысячи водительских удостоверений.
Водительское удостоверение выдается сроком на 10 лет. По истечении этого срока документ необходимо заменить. Основанием для замены также могут стать изменение персональных данных владельца или непригодность документа для дальнейшего использования.
Подать заявку на замену водительского удостоверение можно онлайн через портал цифрового правительства или мобильные приложения банков второго уровня. Если срок действия удостоверения истёк, для его замены потребуется медицинская справка 073- формы.
Получить готовое водительское удостоверение необходимо в спецЦОНе, указанном при подаче заявки. Для этого потребуется предоставить старый образец удостоверения и квитанцию об оплате государственной пошлины в размере 5 406,25 теңге.
При этом заменить водительское удостоверение можно и традиционным способом, обратившись непосредственно в спецЦОН. На сегодняшний день в Шымкенте функционируют три специализированных центра обслуживания населения.
НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан»
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары