Айтылды – орындалды: Абай ауданында 6 спорт және ойын алаңы салынды — Xnews — ақпарат агенттігі

Айтылды – орындалды: Абай ауданында 6 спорт және ойын алаңы салынды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесулері барысында айтылған өтініштер кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Кездесулер барысында Абай ауданының тұрғындары балаларға арналған спорт және ойын алаңшаларын салу туралы өтініш білдірген болатын.

Тұрғындардың өтініштері зерделеніп, нәтижесінде аудан аумағында 6 заманауи спорт және балалар ойын алаңшасы салынды.

Жаңа алаңшалар мына мекенжайларда орналасқан:
1. Нұршуақ шағынауданы, Ілтипат көшесі;
2. Нұршуақ шағынауданы, Шатыркөл көшесі;
3. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Мырза көшесі;
4. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Цементников көшесі;
5. Ынтымақ шағынауданы, Сарқан көшесі;
6. Ынтымақ шағынауданы, Аққұрай көшесі.

Аталған алаңшалар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындардың белсенді демалысына мүмкіндік береді.

Азаматтардың ұсыныстарын ескеру және шағынаудандардағы қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет

➖

В Абайском районе Шымкента построили шесть спортивных и детских площадок

В Абайском районе Шымкента по обращениям жителей построили шесть современных спортивных и детских игровых площадок. Об этом сообщили в пресс-службе акима города.

Просьбы об обустройстве новых площадок жители озвучивали во время выездных встреч акима Шымкента Габита Сыздыкбекова с населением.

После рассмотрения обращений в районе определили места для строительства новых объектов.

Площадки появились по следующим адресам:
1. микрорайон Нұршуақ, улица Ілтипат;
2. микрорайон Нұршуақ, улица Шатыркөл;
3. жилой массив Қайнарбұлақ, улица Мырза;
4. жилой массив Қайнарбұлақ, улица Цементников;
5. микрорайон Ынтымақ, улица Сарқан;
6. микрорайон Ынтымақ, улица Аққұрай.

В акимате отметили, что новые площадки позволят детям с пользой проводить свободное время, заниматься спортом, а также создадут дополнительные условия для активного отдыха жителей.

Работа по благоустройству общественной инфраструктуры в микрорайонах Шымкента с учетом предложений горожан будет продолжена.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...