Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету кеңейген — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету кеңейген

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, кеңес мүшелеріне Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қаланың әлеуметтік ахуалы, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. 2024–2026 жылдары бірқатар жаңа нысан іске қосылып, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «№1 стационар жағдайдағы орталығына» қосымша 50 орындық ғимараттың құрылысы аяқталып, материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. «Сенім» және «Балауса» орталықтары құрылып, тиісінше 50 және 150 орынға арналған қызмет көрсету мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар құны 14,052 млрд теңге болатын 150 орындық мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығының құрылысы 70 пайызға орындалды. Нысанды 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

-«Қолдау» балалар орталығын жабдықтауға «Қазақстан халқына» қоры тарапынан 574,9 млн теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланып отыр. Бұрын ғимаратын жалдап отыратын «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жаңа ғимаратқа көшіріліп, нәтижесінде 109,6 млн теңге үнемделді, -дейді басқарма басшысы. «Бейімдеу орталығында» қосымша 100 орындық ғимарат салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде екен. Сондай-ақ отырыста Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының атқарған жұмыстары, инфрақұрылым бағытындағы шаралары да қаралды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері екі басқарманың жұмысына қатысты бірқатар сұрақ қойып, ұсыныстарын білдірді. Жауапты басшылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтты. Алда айтылған ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, шешуді қажет ететін мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны атап өтілді.

➖

Расширение спектра социальных услуг в Шымкенте

Состоялось очередное заседание Общественного совета, на котором руководитель Управления занятости и социальной защиты города Шымкента Жанат Утебаева рассказала членам совета о социальной ситуации в городе, оказываемой населению помощи и работе по развитию специальных социальных услуг. В 2024–2026 годах был введен в эксплуатацию ряд новых объектов, а также реализуются проекты, направленные на повышение доступности социальных услуг.

В частности, завершено строительство здания на 50 мест в качестве пристройки к «Центру оказания специальных социальных услуг №1», ведутся работы по оснащению его материально-технической базы. Были созданы центры «Сенім» и «Балауса», создавшие возможности для оказания услуг на 50 и 150 мест соответственно. Кроме того, на 70% выполнено строительство реабилитационного центра для лиц с инвалидностью на 150 мест стоимостью 14,052 млрд теңге. Сдачу объекта в эксплуатацию планируется осуществить в декабре 2026 года.

— Фонд «Қазақстан халқына» планирует оказать поддержку в размере 574,9 млн тенге на оснащение детского центра «Қолдау». «Центр активного долголетия», ранее арендовавший помещение, переехал в новое здание, в результате чего было сэкономлено 109,6 млн тенге, — отметила руководитель управления. По ее словам, разрабатывается проектно-сметная документация для строительства дополнительного здания на 100 мест в «Центре адаптации». Также на заседании была рассмотрена деятельность Управления качества и контроля городской среды города Шымкента и принятые им меры в сфере инфраструктуры.

В ходе заседания члены Общественного совета задали ряд вопросов касательно работы обоих ведомств и высказали свои предложения. Ответственные руководители ответили на поступившие вопросы и заверили, что все поднятые проблемы будут приняты во внимание. Было подчеркнуто, что в дальнейшем на основе высказанных инициатив проведут соответствующую работу, а требующие решения вопросы будут реализованы поэтапно.

Shymkala.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...