Түлкібаста 2 мыңнан астам адам сенбілікке шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түлкібаста 2 мыңнан астам адам сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түлкібас ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік өтті.

Тазалық шарасына 2 050 адам қатысып, көшелер, аулалар, саябақтар, скверлер мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазартуға атсалысты. Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асыл Нұрлыбаев тазалықтың қоғам денсаулығы мен келешегі үшін маңызын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Серік қатысушыларға алғысын білдірді.

Сенбілікте 31 тонна қоқыс жиналып, 25 гектарға жуық аумақ тазартылды. Сонымен қатар, 200 түп ағаш отырғызылды. Аталған шара ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Түлкібас ауданында тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#ТазаҚазақстан

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...