Шымкент қаласының Дін істері мен Дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп «Спорт және зайырлы қоғам: қауіпсіздік пен жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға спорт саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.
Жиында алдымен кезінде лауазымды қызмет атқарып, кейін теріс ағым жетегіне еріп, оның зардабын тартқан Нұрмахан Орынбасаров туралы видеоролик ұсынылды. Онда діни көзқарастың өзгеруіне әсер ететін факторлар мен радикалды идеологияның адам өміріне тигізетін әсері көрсетілді.
Кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов өз ойын ортаға салып, жастар арасында дұрыс діни түсінік қалыптастырудың және кез-келген ақпаратқа сыни көзқараспен қараудың маңыздылығына тоқталды. Ал арнайы қонақ ретінде шақырылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Болат Жұманов «Зайырлы қоғамдағы діни радикалданудың кейбір себептері» тақырыбында әңгіме өрбітті. Ол радикалды көзқарастың қалыптасуына әсер ететін факторларға тоқталып, адамның діни ақпаратты дұрыс қабылдамауы мен діни сауаттылықтың жеткіліксіздігі теріс ағымдардың ықпалына түсуге себеп болатынын жеткізді.
Спикер спорт саласына қатысты алаңдатарлық деректі де атап өтті. Оның айтуынша, белгілі бір өңірде теріс ағым жетегіне кеткен 100 адам бар болса, олардың 20-дан астамы спортшылар екен. Әсіресе теріс ағымның жетегіне кету деректері Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан және Ұлытау облыстарында жиі кездеседі. Бұл спортшылар арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берудің қажеттігін көрсетеді.
Басқосуда заң талаптарын білу мәселесіне де баса назар аударылды. Болат Жұманов азаматтардың заңды білмеуі жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, теріс діни ағымның ықпалына түскендердің басым бөлігі кейін өз әрекетіне өкініш білдіретінін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, діни радикалданудың алдын алу, заң талаптарын сақтау және спортшылар мен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында пікір алмасты.
➖
Спортсменам Шымкента разъяснили вопросы профилактики религиозного радикализма
В Шымкенте Управление по делам религий совместно с Управлением физической культуры и спорта организовало информационно-разъяснительную встречу на тему «Спорт и светское общество: безопасность и ответственность». Мероприятие прошло в Молодежном ресурсном центре и объединило профильных специалистов, тренеров и действующих спортсменов.
В начале встречи участникам продемонстрировали документальный видеоролик о судьбе человека, который в прошлом занимал ответственный пост, но попал под влияние деструктивного течения и столкнулся с тяжелыми последствиями своего выбора. Наглядный пример позволил детально разобрать факторы, меняющие религиозные взгляды, и разрушительное воздействие радикальной идеологии на жизнь человека.
Перед собравшимися выступил чемпион мира по боксу Биржан Жакыпов. Он подчеркнул важность формирования правильного религиозного понимания среди молодежи и критического мышления при оценке любой поступающей информации. Специальным гостем мероприятия стал член республиканской информационно-разъяснительной группы Болат Жуманов, который прочитал лекцию на тему «Некоторые причины религиозной радикализации в светском обществе». Эксперт подробно остановился на предрасполагающих факторах, отметив, что главными причинами попадания под влияние деструктивных течений часто становятся низкая религиозная грамотность и неумение фильтровать информационный контент.
Спикер также озвучил тревожную статистику, затрагивающую спортивную среду. По его словам, из каждых 100 человек, оказавшихся под влиянием радикальных идей в определенных регионах страны, более 20 составляют профессиональные спортсмены (при этом наибольшее число таких фактов фиксируется в Западном, Центральном Казахстане и области Ұлытау). Данный показатель наглядно демонстрирует необходимость усиления профилактической и разъяснительной работы именно в спортивных коллективах.
Отдельное внимание в ходе беседы уделили правовой грамотности. Болат Жуманов напомнил, что незнание законов Республики Казахстан не освобождает от ответственности, а большинство граждан, столкнувшихся с последствиями экстремистской деятельности, впоследствии горько сожалеют о совершенных поступках. Завершилось мероприятие открытым диалогом: участники смогли задать экспертам интересующие вопросы, обсудить меры профилактики, соблюдение законодательных норм и повышение эффективности просветительской работы среди шымкентской молодежи.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары