Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет

Неліктен бұл маңызды

Шымкент қаласы қарқынды өсіп келеді. Халық саны артқан сайын әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейіп отыр.

Көрсеткіштер
· Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.
· Қазіргі таңда босандыру қызметін 4 медициналық ұйым көрсетеді.
· Жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген.
· Орталық жылына 7 мыңға дейін ананың босануына жағдай жасай алады.
· Шамамен 800-1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Жаңа перинаталдық орталық Ақжайық шағын ауданында бой көтеруде.

Оның іске қосылуы төсек-орын қорын арттыруға, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және ана мен балаға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Жалпы көрініс

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Шымкенттің ауқымы мен өсу қарқынына сай болуы тиіс.

@KZgovernment

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...