Шымкентте сән мен шығармашылықты тоғыстырған жәрмеңке өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте сән мен шығармашылықты тоғыстырған жәрмеңке өтуде

Шымкент қаласындағы Орталық саябақта сән, шығармашылық және отандық кәсіпкерлікті бір алаңға біріктірген «TERRA FASHION & SCHOOL» жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған іс-шара бүгін басталып, ертең де жалғасады. Жәрмеңке қала тұрғындарына жаңа брендтермен танысып, отандық өнімдерді тамашалап қана қоймай, қажетті тауарларды бір жерден сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған «TERRA» жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – қазақстандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің еңбегін насихаттау, жергілікті брендтердің дамуына қолдау көрсету және шығармашылық индустрия өкілдеріне өз өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға жағдай жасау.

Жәрмеңке аясында сән индустриясымен қатар, түрлі бағыттағы шағын және орта бизнес өкілдері де өнімдерін ұсынуда. Келушілер жергілікті дизайнерлердің киімдері мен аксессуарларын, қолөнер бұйымдарын, косметика өнімдерін, тағамдар мен сусындарды, сондай-ақ үйге арналған сәндік заттарды көре алады. Мұндай формат кәсіпкерлер үшін жаңа клиенттермен байланыс орнатып, өз брендінің танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі – оның жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылуы. Жоба жетекшісі Нұржанат Досаеваның айтуынша, іс-шара қала тұрғындарына қажетті тауарларды бір жерден табуға мүмкіндік берумен қатар, жаңа оқу жылы алдында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруды көздейді. Жәрмеңкеге мектепке қажетті тауарларды ұсынатын кәсіпкерлер де қатысып отыр.

«TERRA FASHION & SCHOOL» осылайша сауда алаңы ғана емес, жергілікті шығармашылық орта мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін қоғамдық алаңға айналып келеді. Мұнда тұтынушы мен өндіруші тікелей байланысып, жаңа идеялар мен отандық брендтерге деген қызығушылық қалыптасады.

Жәрмеңкенің бесінші рет өткізілуі оның қала тұрғындары арасында қалыптасқан тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Іс-шара ертең де жалғасып, шымкенттіктерге жергілікті кәсіпкерлер мен дизайнерлердің өнімдерімен танысуға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...