19 маусым – Шымкент қаласы күні — Xnews — ақпарат агенттігі

19 маусым – Шымкент қаласы күні

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қала күнімен құттықтады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – туған Шымкентімізді сүйетін, осында өмір сүріп, еңбек етіп жүрген барша азаматтарды біріктіретін ерекше күн.

Шымкент – еліміздегі ірі мегаполистің бірі ғана емес, терең тарихы мен өзіндік даму қарқыны қалыптасқан шаһар. Бүгінде қала қарқынды дамып, келбеті жаңарып, дәстүр мен заманауи мүмкіндіктер үйлесім тапқан мегаполис ретінде өз орнын нығайтып келеді.

Қала барлық негізгі бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып жатыр. Жаңа әлеуметтік және білім беру нысандары ашылып, тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Көлік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде.

Қалалық ортаның жайлылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қоғамдық кеңістіктер, саябақтар мен аулалар абаттандырылып, шағынаудандардың заманауи келбеті қалыптасып келеді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру басты назарда.

Түрлі бастамалар жүзеге асырылып, цифрлық шешімдер енгізілуде. Сонымен қатар білім алуға, спортпен айналысуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп келеді. Мұның бәрі қаланы әрбір тұрғын үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған.

Алайда қаланың басты байлығы да, қозғаушы күші де – тұрғындар. Сіздердің адал еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында Шымкент өсіп-өркендеп, жаңа белестерді бағындырып келеді.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Әр шаңырақта татулық пен ырыс-береке орнап, сүйікті қаламыздың гүлденіп, келер ұрпаққа шабыт сыйлай беруіне тілектеспін.

Қала күні құтты болсын!

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...