Шымкентте жастардың шығармашылығын шыңдап, бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретін ерекше кеш өтті. Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй тоғысқан «Tynda Fest» караоке кешіне белсенді жастар жиналып, сүйікті әндерін орындап, өнерлерін ортаға салды.
«Tynda Fest». Бұл кештің ерекшелігі – мұнда кәсіби сахна да, үлкен концерттік зал да қажет емес. Ең бастысы – әнге деген құштарлық пен өз өнерін еркін жеткізуге деген ниет. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, музыка арқылы жаңа таныстықтар орнатты. Кеш барысында жастар ән айтып қана қоймай, көпшілік алдында өзін еркін ұстауға, сахна мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алды. Әр орындалған ән кештің өзіндік сәніне айналып, көрерменге де, қатысушыларға да, қала берді қала қонақтарына да ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Tynda Fest» – жастарды өнерге баулып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын шығармашылық алаң. Мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып, талантын танытуына жаңа мүмкіндік береді дейді.
Кеш соңында қатысушылар әсем әуенмен тербеліп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Ал «Tynda Fest» жастардың шығармашылығы мен белсенділігін тоғыстырған есте қаларлық кешке айналды.
➖
В новом парке «City» состоялся караоке-вечер «Tynda Fest»
Побороть стеснение и исполнить любимые песни! В новом парке «City» состоялся караоке-вечер «Tynda Fest», организованный для молодежи и жителей города.
Участники продемонстрировали свои вокальные данные. Зрители активно поддерживали каждого выступающего.
«Караоке-вечер «Tynda Fest», направлен на поддержку творчества молодежи и содержательную организацию их свободного времени. Вечер прошел в непринужденной атмосфере, где каждый участник смог свободно проявить себя», — говорит Куаныш Серикбай, заместитель руководителя «Молодежного ресурсного центра».
В ходе мероприятия участники не только пели, они знакомились и делились положительными эмоциями. Организаторы говорят «Tynda Fest» должен стать творческой площадкой, объединившей молодежь, искусство и хорошее настроение.
«Очень душевный и хороший вечер получился! Помогает раскрыться талантам и классно провести время с друзьями», — делится Перизат Ахмедова участница «Tynda Fest».
Музыка стала для молодых людей возможностью раскрыться, проявить творческий потенциал, развить сценические навыки и почувствовать себя увереннее перед публикой.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары