Шымкент тұрғындары подьезді көркемсурет галереясына айналдырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент тұрғындары подьезді көркемсурет галереясына айналдырды

Үй тек пәтердің қабырғасымен шектелмейді деген қала тұрғыны өз подъезін шағын көркемсурет галереясына айналдырған. Ол суреттердің фотокөшірмелерін жасап, ортақ кеңістікті өнер туындыларымен безендірген. Бастапқыда адамдарға қуаныш сыйлағысы келген. Кейіннен бұл бастама тұрғындарға шығармашылық шабыт берген.

Шымкент тұрғыны Александр Голубев өз подъезін шағын көркемсурет галереясына айналдырған. Әр қабатқа өтетін алаңдарда түрлі фотосуреттер және ерекше сәндік бұйымдар ілінген. Кеңістік одан әрі жайлы болсын деген ниетпен баспалдақ алаңдары гүл құмыраларымен безендірілген. Автордың айтуынша, ол бар болғаны қарапайым подъезді өзгерткісі келген.

Александр Голубев, үй тұрғыны:
«Мен турист ретінде әртүрлі елдерге жиі барамын. Басқа қалаларға барған кезде тек әдемі подъездерді ғана емес, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді де жиі кездестіруге болады. Осы көріністер мені шабыттандырды».

Белгілі болғандай, бұл бастама өзге тұрғындарға да әсер еткен. Біртіндеп бес қабатты үйдің басқа тұрғындары да ат салысқан. Осылайша баспалдақ алаңдарында жаңа суреттер, сәндік бұйымдар, тіпті балалардың суреттері де пайда болған. Әр көрші ортақ кеңістікке өзіндік үлесін қосып, подъезд біртіндеп шығармашылық ортаға айналып келеді.

Мұнда безендірудің қатаң ережесі жоқ. Ахмет Байтурсынов көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары ұстанатын жалғыз талап – жасампаздық пен шығармашылыққа ұмтылу, сындыру мен бүлдіруге жол бермеу. Үй тұрғыны Ирина Найденованың айтуынша, мұндай бастамалар өзге көршілерді де ортақ кеңістікті көркейтуге ынталандырады. Тұрғындар өз аулаларын да осылай абаттандырған.

Ирина Найденова, үй тұрғыны:
«Мына ағаштарға қараңыздаршы. 5-6 жылдың ішінде осындай үлкен, мықты ағаштарға айналды. Оларды күтіп-баптайды. Ол өз ауласын ғана емес, скверді де қарайды. Павлония, гибискус сияқты әдемі ағаштар отырғызды, басқа да көптеген ағаш бар. Тіпті көгалдарға жүруге болмайтынын ескертетін тақтайшаларды да өзі орнатқан».

Подъездегі галерея экспонаттары да мезгіл-мезгілімен жаңартылып тұрады. Бұған дейінгі көрме оңтүстіктің көрікті жерлеріне арналса, қазір олардың орнын әлемге әйгілі сәулет ескерткіштері басқан.

© “Otyrar” телеарнасы

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...