Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Индустриалды-техникалық колледж жастары арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты.
Жиын барысында отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту, отбасындағы тәрбие, үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Көркем әжелер» тобының мүшелері жастармен пікір алмасып, отбасы тәрбиесінің маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдіріп, өмірлік тәжірибелері негізінде тағылымды кеңестерін жеткізді.
Басқосудың негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастыру, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін дәріптеу және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту.
Сонымен қатар, спикерлер жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім мен спортты өмір салтына айналдыруға шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.
➖
Семейные ценности — основа воспитания поколения
Сегодня в честь Дня семьи Молодёжным ресурсным центром была организована встреча среди студентов Индустриально-технического колледжа, направленная на популяризацию семейных ценностей.
В мероприятии приняли участие члены группы «Көркем әжелер» Совета матерей при КГУ «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики города Шымкента — Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға и Жуманова Сырға.
В ходе встречи участники обсудили значение семьи в жизни человека, вопросы национального воспитания, взаимного уважения и семейных ценностей.
Кроме того, спикеры призвали молодёжь эффективно использовать своё время, а также сделать образование и спорт неотъемлемой частью своего образа жизни.
В завершение встречи молодые люди задали интересующие их вопросы и обменялись мнениями со спикерами.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары