Қаладағы Көрме орталығында бүгін дәстүрге айналған “Senat open 2026” III Ашық кубогының 1/4 финалдық кезеңі өтуде. Сананы сергітіп, стратегиялық ойлауды шыңдайтын зияткердік додаға түрлі саланың өкілдері, жалпы 100-ден астам адам қатысады. Олардың арасында мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компания өкілдері, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласының мамандары, БАҚ өкілдері, ардагерлер бар.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов құттықтау сөз сөйлеп, сайысты ашып берді.
– Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керек екендігін, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігін айтып келеді. Осы орайда шахмат спортын дамытуда кешенді жоспар жасалған болатын. Сондықтан да қазіргі уақытта әуесқой шахматшылар арасында бәсекені ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр. Шахматтың функционалды ойлау жүйесін арттыруға, есте сақтау қабілетін дамытуға көмегі зор. Бүгінгі жарыста үздік ойын көрсеткендер жартылай финалға жолдама алады. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Бүгін зерде мен зият сынға түспек. Бұл тек жарыс емес, тәжірибе мен табандылықты, ой-өрісті дамытатын алаң. Жарыс қорытындысы бойынша үздік 35 қатысушы анықталып, олар маусым айында өтетін жартылай финалда Шымкент қаласының атынан бақ сынайды.
➖
«Senat open 2026»: битва за полуфинал
Сегодня в городском Выставочном центре проходит 1/4 финального этапа уже ставшего традиционным III Открытого кубка «Senat open 2026». В интеллектуальном состязании принимают участие более 100 человек. Среди них депутаты маслихата, государственные служащие, представители национальных компаний, специалисты сфер образования, здравоохранения и культуры, представители СМИ, а также ветераны.
Соревнования открыл заместитель руководителя управления физической культуры и спорта города Шымкент Ермек Дарменов: «Глава государства постоянно подчеркивает, что на пути построения Справедливого Казахстана необходимо воспитывать честное поколение, образовательный уровень и духовно-интеллектуальный потенциал которого должен быть на высоте. В связи с этим был разработан комплексный план по развитию шахматного спорта. Именно поэтому организация соревнований среди шахматистов-любителей сейчас стала доброй традицией. Шахматы оказывают огромную помощь в улучшении системы функционального мышления и развитии памяти. Те, кто покажет лучшую игру на сегодняшних соревнованиях, получат путевку в полуфинал. Желаю удачи всем участникам», — сказал заместитель руководителя управления.
По итогам турнира будут определены 35 лучших участников, которые представят город Шымкент в полуфинале, запланированном на июнь.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары