«Әділет» партиясы Түркістандағы үгіт-насихат науқанының алғашқы күнін ауқымды Open Air форматындағы кешпен қорытындылады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Әділет» партиясы Түркістандағы үгіт-насихат науқанының алғашқы күнін ауқымды Open Air форматындағы кешпен қорытындылады

«Әділет» партиясының Түркістандағы өңірлік сайлауалды науқанының алғашқы күні ауқымды «ӘDILET EVENT» қоғамдық іс-шарасымен аяқталды. Кәсіпкерлермен, спортшылармен, педагогтермен, аграршылармен және өзге де сала өкілдерімен өткен кездесулерден кейін партия қала тұрғындары үшін «Керуен сарай» туристік кешені маңында кешкі Open Air ұйымдастырды.

Сахнада қазақстандық танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Кештің ең ерекше сәті жүздеген дрон қатысқан жарық шоуы болды. Түнгі аспанда ұшқышсыз ұшу аппараттары бірінен соң бірі жарық анимацияларын бейнеледі.

Көрермен Қазақстан картасының сұлбасын, қалықтаған бүркітті, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тайқазанды, Ұлы Жібек жолының керуенін және жүрек белгісі бар Turkistan жазуын тамашалады. Шоудың қорытынды бөлімінде партияның логотипі, «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» композициялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы және алдағы сайлаудың күні – 23 тамыз бейнеленді. Жарық композициялары партияның өңірлік турына арнайы әзірленген дрон-шоудың тұжырымдамасына сәйкес ұсынылды.

Көрермендер әрбір жаңа композицияны зор ықыласпен тамашалап, қол шапалақтап отырды. Көпшілік әсерлі сәттерді ұялы телефонға түсіріп, алғашқы бейнежазбалар бағдарлама аяқталмай жатып-ақ әлеуметтік желілерде тарала бастады.

Еске салайық, осы күні партия өкілдері Түркістан облысының кәсіпкерлерімен, аграршыларымен, спортшыларымен, педагогтерімен, қолөнершілерімен және тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Онда «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңірді дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды. Партияның мәліметінше, кездесулер барысында айтылған барлық бастама жүйеленіп, алдағы жұмыста қаралады.

➖

Партия «Әділет» завершила первый день кампании в Туркестане масштабным Open Air

Первый день региональной кампании партии «Әділет» в Туркестане завершился масштабным общественным мероприятием «ӘDILET EVENT». После серии встреч с предпринимателями, спортсменами, педагогами, аграриями и представителями других сфер партия организовала для жителей города вечерний Open Air возле туристического комплекса «Керуен-сарай».

На сцене выступили популярные казахстанские исполнители, а главным событием вечера стало дрон-шоу, во время которого сотни беспилотников создали в ночном небе серию световых анимаций.

Зрители увидели контур карты Казахстана, парящего беркута, мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, Тайказан, караван Великого шелкового пути и светящуюся надпись Turkistan с сердцем. Финальную часть шоу составили логотип партии, визуальные композиции «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», Государственный флаг Республики Казахстан и дата предстоящих выборов — 23 августа. Последовательность световых сцен соответствовала концепции дрон-шоу, подготовленного для регионального тура партии.

Практически каждую новую композицию зрители встречали аплодисментами. Многие снимали происходящее на мобильные телефоны, а первые видеозаписи начали появляться в социальных сетях еще до окончания программы.

Напомним, в течение дня представители партии провели встречи с предпринимателями, аграриями, спортсменами, педагогами, ремесленниками и жителями Туркестанской области. В ходе встреч была представлена предвыборная программа «Әділетті болашақ үшін», а также обсуждены предложения по вопросам развития региона. По информации партии, все инициативы, поступившие в ходе встреч, будут систематизированы и рассмотрены в дальнейшей работе.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...