Шаһарда бүгінде экосананы қалыптастыру бағытында жоспарлы іс-шаралар ұдайы өткізілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарында, колледждерде арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар, эко экскурсиялар тұрақты түрде өтіп жатыр.
Осы орайда, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Таза Қазақстан — жастар таңдауы» тақырыбында дебат сайысы ұйымдастырылды. Оқу орнының “Шамшырақ” дебат клубының өкілдері қоршаған ортаны қорғау тақырыбында сайысқа түсіп, өз позицияларын қорғады.
Бүгінгі іс-шара жастарды тазалыққа үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланың тазалығына назар аударуды көздейді. Ойын барысында қатысушылар қос тарапқа бөлінді. Студенттер мектеп бағдарламасына экологиялық сабақ енгізу керек пе деген тақырыпта сайысқа түсті. Тазалық мәселесінде бір топ бұл ұсынысты қолдаса, екінші тарап қоғамда экологиялық іс-шаралармен бұл мәселені шешу қажет деген пікірді алға тартты.
Құқықтану мамандығының студенті Батырбек Ержанұлы көшеде жүргенде тазалықты сақтау, қоқыс тастамау, көптеген экологиялық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамда экосананы қалыптастыруға болатынын айтады.
Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Тарих пәнінің мұғалімі, дебат клубының жетекшісі Ернар Мырзабайұлының айтуынша, дебат клубының белсенділері қалалық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанып жүр.
Студенттер “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясындағы білім сайысына белсене қатысып, таным көкжиектерін кеңейтті.
➖
В Шымкенте студенты обсудили экологические вопросы в формате дебатов
В Высшем колледже новых технологий имени М. Отебаева в Шымкенте состоялись дебаты на тему «Таза Қазақстан – выбор молодежи».
В мероприятии приняли участие студенты дебатного клуба «Шамшырақ». Участники обсудили вопросы защиты окружающей среды и формирования экологической культуры.
В ходе дебатов студенты представили противоположные позиции по вопросу необходимости введения экологических уроков в школьную программу. Свои взгляды они аргументировали и предложили различные пути повышения экологической ответственности в обществе.
Цель мероприятия – повышение экологической грамотности молодежи, формирование ответственного отношения к окружающей среде и привлечение внимания к вопросам чистоты города.
Отметим, что представители дебатного клуба «Шамшырақ» регулярно участвуют в городских и республиканских соревнованиях и занимают призовые места.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары