Шымкент: Құрылтай сайлауы күні автобустар тегін қатынайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Құрылтай сайлауы күні автобустар тегін қатынайды

23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтетін күні Шымкент қаласындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады.

Бұл шешім сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасап, қоғамдық көлікті еркін әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.

Сайлау күні қаладағы барлық автобус бағытында тәулік бойы жол жүру ақысы алынбайды.

Айта кетейік, сайлау күні азаматтардың дауыс беруі үшін Шымкент қаласында 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың сайлау учаскелеріне ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...