Ордабасы ауданындағы сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы ауданындағы сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді

Сайлау сапасы – учаскенің дайындығынан басталады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауына дайындық аясында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Өсербаев пен Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М. Үкібас аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді.

Жұмыс барысында сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуы, ақпараттық көрнекіліктердің орналасуы және сайлаушыларға қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына жасалған жағдайлар жіті бақылауға алынды. Учаскелердің қолжетімділігі, кіріп-шығу мүмкіндігі және дауыс беру кезінде азаматтарға қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуіне оң баға берілді.

Сайлау учаскесі – азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды орын. Сондықтан мұнда жасалған әрбір жағдайдың артында азаматтың құқығы мен еркін таңдауы тұр.

Алдағы күндері анықталған мәселелер бойынша жұмыстар пысықталып, сайлау учаскелерін толық дайындыққа келтіру шаралары жалғасады.

23 тамыз – таңдау күні.
Әр дауыс маңызды. Әр азаматқа жағдай жасалуы тиіс.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...