ТМД байқаушысы Түркістанда: Сайлау учаскелерінің дайындығы жоғары деңгейде бағаланды — Xnews — ақпарат агенттігі

ТМД байқаушысы Түркістанда: Сайлау учаскелерінің дайындығы жоғары деңгейде бағаланды

Түркістан қаласына ТМД миссиясынан байқаушы Евгений Винцентьевич Козяк арнайы жұмыс сапарымен келіп, алдағы маңызды саяси науқанға қатысты дайындық жұмыстарын тікелей бақылады.

Сапар барысында халықаралық байқаушы қала аумағындағы №951, №952 және №948 сайлау учаскелерінің жұмысымен жан-жақты танысты.

Евгений Винцентьевич учаскелердің материалдық-техникалық базасын, дауыс берушілер үшін жасалған жағдайларды және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жіті тексерді.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесіп, дауыс беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері мен ТМД байқаушыларының миссиясы туралы пікір алмасты.

Сайлаушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жасалған жағдайларға оң баға берілді.

Учаскелердің ақпараттық стендтермен, қажетті құқықтық құжаттармен және заманауи жабдықтармен қамтылуы назардан тыс қалмады.

Тексеру қорытындысы бойынша ТМД байқаушысы Түркістандағы сайлау учаскелерінің дайындық деңгейін жоғары бағалап, ұйымдастыру жұмыстарының халықаралық байқау стандарттарына толық сай келетінін атап өтті.

“Алдын ала дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілген. Комиссия мүшелері өз ісіне жауапкершілікпен қарап, барлық қажетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етіп отыр”, – деп атап өтті Евгений Винцентьевич.

Алдағы саяси науқанның ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуі үшін жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары барлық қажетті шараларды пысықтауда. Түркістандықтар алдағы маңызды оқиғаға белсенді түрде дайын.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...