Сайрам ауданында өрт қауіпсіздігіне бағытталған сенбілік ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрам ауданында өрт қауіпсіздігіне бағытталған сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Сайрам ауданы аумағында орналасқан барлық саябақтарда, аллеяларда және ағаш отырғызылған аумақтарда «Орман өрттерінің алдын алу шаралары туралы» іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 212 ағаштың қураған бұталары кесіліп, 5,6 гектар аумақтағы арамшөптер орылды. Сонымен қатар, саябақтар мен 26,3 шақырым көше бойы қоқыстан тазартылып, полигонға 8,3 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сенбілікке аудан бойынша 3244 тұрғын қатысып, 27 арнайы техника жұмылдырылды.

Шара барысында тұрғындарға орман және дала өрттерінің алдын алу талаптары түсіндіріліп, өрт кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

#Таза_Қазақстан

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...