Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері дайындығы тексерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері дайындығы тексерілді

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы Төлеби ауданына барып, алдағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты.

Инспекция барысында сайлау комиссияларының жұмысы, учаскелердің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, цифрлық жүйелерді қолдану және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Тексеру №731 сайлау учаскесінен басталып, дауыс беру процесін заң талаптарына сай ұйымдастыру және комиссия мүшелерінің дайындығы бағаланды.

Ауданда сайлауға 70 комиссия, құрамында 432 мүше жұмылдырылған. Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Сайлау учаскелерінің шекаралары, үгіт орындары мен партия кездесулерінің кестелері ресми ресурстарда жарияланған. 7 тамыздан бастап азаматтарға сайлаушылар тізімін тексеру және учаскесін анықтау мүмкіндігі берілді, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін беру басталды.

Сайлау күні «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн-сервистер іске қосылады: сайлаушыларды тексеру қызметі 31 учаскеде, уақытша тіркеу 1 учаскеде қолжетімді болады.

Қорытындысында учаскелердің толық дайын болуы, сайлаушылар құқықтарының сақталуы және дауыс беру процесін заңға сай ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...