Құрылтай сайлауы: әр азаматтың таңдауы маңызды — Xnews — ақпарат агенттігі

Құрылтай сайлауы: әр азаматтың таңдауы маңызды

– Алдағы Құрылтай сайлауы – еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі. Бір палаталы Парламенттің құрылуы заң шығару үдерісін жетілдіріп, ел үшін маңызды мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл ретте халықпен ашық байланыс орнатып, азаматтардың пікіріне құлақ асудың маңызы арта түседі.

Сайлауға дайындық барысынан да осы жауапкершілікті байқауға болады. Әсіресе дауыс беруге барша азаматтың тең қатысуына жағдай жасалып жатқаны көңіл қуантады. Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін пандустар, тактильді жолақтар қарастырылып, көру қабілеті төмен жандарға қажетті арнайы құралдар дайындалуда.

Мұның барлығы сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін ғана емес, әр адамның таңдауына деген құрметті де көрсетеді. Азаматтың дауыс беруіне еш кедергі болмауы, өз таңдауын еркін әрі ыңғайлы жағдайда жасауы – демократиялық қоғам үшін маңызды талап.

Сондықтан Құрылтай сайлауын елдің саяси жаңғыруымен қатар, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды кезең деп қабылдаймын. Әр адамның дауысы маңызды. Ал сол дауысты еркін білдіруге жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Сауырбай ЕСЖАНОВ,
«Оңтүстік Қазақстан футбол қауымдастығы» ЗТБ төрағасы

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...