Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде орта бизнес пен креативті экономиканы дамыту мәселесі талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде орта бизнес пен креативті экономиканы дамыту мәселесі талқыланды

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласының кәсіпкерлері және креативті бизнес өкілдерімен кездесті.

«Әлем-БТ» және «Balabi Textile» ЖШС-лерінің бас директоры Асан Балабиевтің айтуынша, бүгінде орта бизнес экономиканың тұрақты өсуіне серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджет кірісінің артуына елеулі үлес қосып отыр. Кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Еркебұлан Ілиясов, Бөріхан Нұрмұхамедов және Гүлісхан Нахбаева орта кәсіпкерлікті дамыту партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі екенін жеткізді. Олар мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтумен қатар, бизнесті жүргізудің ашық әрі әділ тетіктерін қалыптастыруға, адал бәсекені дамытуға және кәсіпкерлік мәдениетін нығайтуға ерекше мән берілетінін айтты.

«Креативті экономиканы цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі. Бұл авторлық сыйақылардың ашық төленуін қамтамасыз етуге, саланың нақты көлемін объективті бағалауға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға мүмкіндік береді», — деді Гүлісхан Нахбаева.

Кездесу қорытындысында партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкенттің елдегі ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі екенін, мұнда 400 мыңға жуық жас тұратынын атап өтті.

«Әділет» партиясы креативті экономиканы шағын және орта бизнесті қолдаудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Біз креативті индустриялардың ел экономикасындағы үлесін 3 пайызға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Ол үшін кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуді, қажетті инфрақұрылымды дамытуды және авторлық құқықты қорғауды күшейтуді ұсынамыз. Сонымен қатар, партия жанынан құрылған Іскерлік кеңес бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогтың тұрақты алаңына айналып, кәсіпкерлердің ұсыныстарын жүйелі түрде зерделеп, оларды заңнамалық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік береді», — деді партия төрағасы.

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Шымкент қаласындағы жұмыс сапары кәсіпкерлермен өткен кездесуде қорытындыланды. Ашық диалог барысында айтылған барлық ұсыныс жан-жақты сараланып, партияның алдағы заң шығару қызметінде ескеріледі.

x

Check Also

«Әділет» предлагает усилить социальную защиту человека труда

Республиканский предвыборный штаб партии «Әділет» во главе с председателем партии Айбеком Дадебай встретился с трудовыми коллективами коммунальных предприятий и медицинскими ...

«Әділет» партиясы еңбек адамын әлеуметтік қорғауды күшейтуді ұсынады

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың еңбек ұжымы мен медицина қызметкерлерімен кездесті. Ашық ...