Түркістан облысында Арнайы мемлекеттік қор есебінен 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінген.
Бүгінгі таңда 28 жоба іске қосылып, 2 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Өңірдегі елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі жоба — Шардара топтық су құбырының құрылысы. Бұл нысанның 1-кезеңіндегі құрылысына 16,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,5 млрд, Арнайы қордан 5 млрд теңге бөлінген.
Аталған қаражатқа Тама учаскесінен су құбыры жүргізіліп, су сорғу станциялары, су тазарту қондырғылары орнатылды. Нәтижесінде Шардара қаласының 32 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді. Cоңғы 60 жыл бойы қала тұрғындарынаауыз су Шардара су қоймасының ашық көзінен берілгенін атап өту қажет.
Осылайша, қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.
Түркістан облысы прокуратурасы
➖
В Туркестанской области за счет возвращенных активов население обеспечено качественной питьевой водой
В Туркестанской области из Специального государственного фонда выделено 26,4 млрд теңге на строительство 30 социальных объектов.
На сегодняшний день запущены 28 проектов, остальные 2 планируется завершить до конца текущего года. Крупнейшим проектом в регионе, направленным на обеспечение населенных пунктов качественной питьевой водой является строительство Шардаринского группового водопровода. На 1-й этап строительства данного объекта выделено 16,5 млрд теңге, из которых 11,5 млрд — из республиканского бюджета, 5 млрд— средства Специального фонда.
На указанные средства проложен водопровод от участка Тама, установлены насосные станции и водоочистные сооружения. В результате около 32 тысяч жителей города Шардара получили доступ к качественной питьевой воде.
Необходимо отметить, что на протяжении последних 60 лет питьевая вода подавалась гражданам из открытого источника Шардаринского водохранилища. Таким образом, финансируемые за счет возвращенных активов проекты вносят значительный вклад в развитие социальной инфраструктуры региона и повышение качества жизни населения.
Прокуратура Туркестанской области
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары