Құрылтай – азаматтардың үні мен мемлекеттік шешімдерді байланыстыратын жаңа өкілдік алаңы — Xnews — ақпарат агенттігі

Құрылтай – азаматтардың үні мен мемлекеттік шешімдерді байланыстыратын жаңа өкілдік алаңы

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Қазақстанда жаңа өкілді орган – Құрылтай өз жұмысын бастайды. Оның құзыреті елдің заң шығару қызметінен бастап, әлеуметтік-экономикалық саясат пен мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға дейінгі маңызды бағыттарды қамтиды.

Құрылтай депутаттары:
▪️ заңдарды, оның ішінде конституциялық заңдарды қабылдайды;
▪️ республикалық бюджетті бекітеді;
▪️ салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді;
▪️ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саясаттың негізгі мәселелерін қарайды;
▪️ білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларына қатысты мәселелерді талқылайды;
▪️ қорғаныс, халықаралық шарттар және өңірлерді дамыту бағыттары бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

Сонымен қатар депутаттарға заң шығару бастамасын көтеру, парламенттік тыңдаулар өткізу, Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдау және республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау сияқты өкілеттіктер беріледі.

Құрылтайдың қалыптасуы – елдегі конституциялық реформалардың маңызды кезеңдерінің бірі. Жаңа өкілді органның басты міндеті – азаматтардың мүддесін заңнамалық деңгейде білдіру және мемлекеттік шешімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттыру.

Халықаралық сарапшылар да Құрылтай сайлауын Қазақстанның саяси жаңғыруы тұрғысынан маңызды оқиға ретінде бағалайды. Олардың пікірінше, Қазақстанның Қытай, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақ елдерімен қалыптасқан серіктестік байланыстары жағдайында сайлаудың жоғары деңгейде өтуі халықаралық сенімді нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

Сарапшылар Қазақстанның бірнеше жыл бұрын басталған реформалар бағытын жүйелі түрде жалғастырып келе жатқанын атап өтеді. Алдағы сайлау азаматтарға елдің жаңа саяси жүйесін қалыптастыруға және заманауи демократиялық мемлекетті одан әрі дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...