Сайлау-2026: Түркістанда 700-ден астам сенім білдірілген адам тіркеуден өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайлау-2026: Түркістанда 700-ден астам сенім білдірілген адам тіркеуден өтті

Қазақстанда сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуде сенім білдірілген адамдар мен байқаушылардың рөлі ерекше. Олардың қызметі ел Конституциясы мен Сайлау туралы конституциялық заң аясында реттеледі.

Сенім білдірілген адамдар кандидаттың немесе партияның мүддесін қорғайды, үгіт-насихат жүргізеді және дауыс беруді бақылайды. Оларға сайлаушыларды сатып алуға, комиссия жұмысына араласуға, жалған ақпарат таратуға және қарсыластардың ар-намысына тиюге қатаң тыйым салынады.

Ал байқаушылар сайлау учаскесіне барып, дауыс беру мен бюллетеньдерді санау процесін бақылайды, заң бұзушылықтарды тіркей алады. Олар дауыс беру құпиясын бұзбауға, үгіт жүргізбеуге және комиссия жұмысына араласпауға міндетті.

«Сенім білдірілген адамдар мен байқаушылар – заңдылықты қамтамасыз ететін негізгі тұлғалар. Олардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуі – халықтың сайлау нәтижесіне деген сенімін арттырудың басты кепілі», — деп атап өтті Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Мырзакелдиев.

«Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұқсаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша 747 адам тіркелді. Ереже бойынша бір сайлау учаскесіне әр партиядан 3 адамға дейін тіркеле алады.

Атап өтейік, елімізде ресми тіркелген 7 партия да Орталық сайлау комиссиясына өздерінің партиялық тізімін тіркеді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...