2026 жылғы I жартыжылдықта анықталған жалған ақша белгілері туралы — Xnews — ақпарат агенттігі

2026 жылғы I жартыжылдықта анықталған жалған ақша белгілері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі).

Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар.

Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді.

Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.

Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және қолмен ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Ол белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтынан танысуға болады: https://www.nationalbank.kz/kz/news/zashchitnye-elementy-na-banknotah-nacionalnoy-valyuty—tenge.

Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға қарсы жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланғанда барынша сақ әрі мұқият болуға шақырады.

Күдік туғызатын, соның ішінде сыртқы белгілері шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар қолға түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...