Шымкентте автобус жолаушыларына концерт қойылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте автобус жолаушыларына концерт қойылды

Мегаполистің «Теріскей» аялдамасынан №35 бағыттағы автобусқа мінген жолаушылар шымкенттік домбырашылардың өнеріне куә болысты. ІІМ мектебіне дейінгі жол аралығында жолаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынған «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен танымал әртістері қала көшелеріне шығып, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда «Домбырашылар шеруін» ұйымдастырды.

Ал кері бағытта өнерпаздар №108 автобуспен ІІМ мектебінен «Теріскей» аялдамасына дейін ұлттық ән-күйді насихаттап, жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Күтпеген жерден басталған шағын концерт автобус ішін ерекше атмосфераға бөлеп, жолаушылар өнерпаздарға қол соғып, әндерді бірге шырқап, естелік бейнероликтер түсірді.

Мерекелік акция Шымкентте бүгін тек қоғамдық көліктермен шектелген жоқ. «Теріскей» және «Гүлжан» аялдамаларында да домбыраның күмбірі естіліп, «Адай», «Балбырауын» сияқты қазақтың әйгілі күйлері орындалды. Ұлттық музыканы тыңдауға жиналған тұрғындар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте ұйымдастырылған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты ауқымды мәдени акция аясында қала тұрғындары үшін ерекше форматтағы мерекелік шара өтті. Бұл жолы ұлттық өнер сахнада ғана емес, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда да жаңғырып, жолаушыларға күтпеген рухани сый жасалды.

Күмбірлеген күй мен әуелеген халық әндері күнделікті қарбаласқа асыққан тұрғындарды бір сәтке аялдатып, мерекелік көңіл күйге бөледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша ұлттық өнер мен мемлекеттік құндылықтарды ұштастырған бұл ерекше жоба Шымкент көшелерін күйдің қоңыр үніне бөлеп, мерекенің мазмұнын тереңдете түсті. Қоғамдық көліктегі күтпеген концерттер қала тұрғындары үшін есте қаларлық ерекше тартуға айналып, Ұлттық домбыра күнінің рухын айшықтай түсті.

➖

В Шымкенте для пассажиров автобусов устроили концерт

Пассажиры, севшие в автобус маршрута №35 на остановке «Терискей» в мегаполисе, стали свидетелями выступления шымкентских домбристов. Артисты концертной организации «Шымкент-концерт» и известные исполнители подготовили для пассажиров специальную концертную программу на участке пути до школы МВД, а также организовали «Шествие домбристов» в общественном транспорте и местах массового скопления людей.

На обратном пути артисты продолжили популяризировать национальное песенное и кюевое искусство уже в автобусе маршрута №108 — от школы МВД до остановки «Терискей», где были тепло встречены пассажирами. Неожиданно начавшийся мини-концерт создал в салоне автобуса особую атмосферу: пассажиры аплодировали артистам, подпевали знакомым песням и снимали выступление на память.

Праздничная акция в Шымкенте сегодня не ограничилась только общественным транспортом. На остановках «Терискей» и «Гульжан» также звучала домбра, исполнялись известные казахские кюи «Адай», «Балбырауын» и другие произведения. Жители, собравшиеся послушать национальную музыку, выразили артистам искреннюю благодарность и разошлись с приподнятым настроением.

Необычное праздничное мероприятие прошло в рамках масштабной культурной акции «Домбра – голос нации, Конституция – опора государства», организованной в Шымкенте по случаю Национального дня домбры. На этот раз национальное искусство вышло за пределы концертных сцен и зазвучало в общественном транспорте и на автобусных остановках, став для пассажиров приятным и неожиданным духовным подарком.

Звучание домбры и народные песни на несколько минут остановили привычную городскую суету и подарили жителям праздничное настроение.

По словам организаторов, этот уникальный проект, объединивший национальное искусство и государственные ценности, наполнил улицы Шымкента благородным звучанием домбры и придал празднику особую глубину. Неожиданные концерты в общественном транспорте стали для жителей города запоминающимся подарком и ярко подчеркнули дух Национального дня домбры.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...