Ақжан, Ақниет, Бөрте – тектілік, мәдениет, ар-намыс пен тазалықтың нышаны! — Xnews — ақпарат агенттігі

Ақжан, Ақниет, Бөрте – тектілік, мәдениет, ар-намыс пен тазалықтың нышаны!

Бүгін «Таза жан» ұғымын бейнелейтін сұлу Ақжан – өткеннің аңыздары мен бүгінгі құндылықтарын тоғыстырған бейне ретінде жаңа ұрпақты қарсы алады. Президенттің ат қорасында дүниеге келген қос құлынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақниет пен Бөрте деген есім берді. Жас тұлпарларды тамашалаған Президент олардың желден жүйрік, нағыз тұлпар болып өсуіне ақ тілегін білдірді.

Ақжан – үлкені ретінде кейінгілерге жол бастайды. Егер Ақжан жан тазалығын, үйлесімділік пен Ұлы даланың заманауи келбетін танытса, Ақниет пен Бөрте сол рухтың жарқын болашағының символына айналады.

Бұл оқиғада халқымыздың сан ғасырлық мәдениетінің жалғасы, ұлттық тамыр мен салт-дәстүрге деген терең құрмет, ұрпақтар сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Сондықтан Ақжан, Ақниет және Бөрте туралы бұл оқиға тек қазақстандықтардың ғана емес, елімізден тыс жерлердегі жұртшылықтың да шынайы қызығушылығын тудырып отыр.

➖

Ақжан, Ақниет, Бөрте – благородство, культура, достоинство, чистота!

Сегодня красавица Ақжан – «Чистая душа» – в образе которой соединяются легенды прошлого и ценности настоящего, встречает новое поколение. В президентской конюшне появились два жеребенка, которым Касым-Жомарт Токаев дал имена – Ақниет и Бөрте. Осматривая молодых скакунов, Президент пожелал им вырасти настоящими тулпарами, способными обогнать ветер. Старшая ведет за собой младших. Если красавица Ақжан олицетворяет чистоту души, гармонию и современный образ Великой степи, то Ақниет и Бөрте становятся символом ее будущего.

В этой истории – продолжение многовековой культуры нашего народа, глубокое уважение к национальным корням и традициям, преемственность поколений. Поэтому история Ақжан, Ақниет и Бөрте вызывает искренний интерес не только казахстанцев, но и далеко за пределами нашей страны.

@t.me/ptrkkz/12500

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...