Президент: «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды» — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент: «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды»

«Өздеріңізге мәлім, мен 2019 жылы әкімшілік әділеттің жаңа үлгісін қабылдау қажеттігі жөнінде айттым. Бұл азаматтарымызды және кәсіпкерлерді билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін жасалған аса маңызды қадам болды. Ал 2021 жылы елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.

Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысқа тың серпін берген «е-Өтініш» онлайн платформасы іске қосылды, яғни, азаматтардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты.

Бұдан бөлек, бұл жүйе бюрократиялық кедергілерді азайтуға және жұртшылықтың ой-пікірін ескеруге мол мүмкіндік берді. Осылайша, халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік органдарға шамамен 16 миллион өтініштің келіп түсуі – соның айқын көрінісі».

Мемлекет басшысы: «Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды»

«Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағымдану, яғни, өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді.

Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз.

Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады».

➖

Президент: «Между обществом и государством был сформирован принципиально новый формат диалога»

«Как вы знаете, в 2019 году я заявил о необходимости принятия новой модели административной юстиции. Это был очень важный шаг, предпринятый с целью защиты наших граждан и предпринимателей от незаконных действий со стороны властей. В 2021 году вступил в силу Административно-процессуальный кодекс.

Новый импульс взаимодействию государства и общества придал запуск онлайн-платформы «е-Өтініш», которая стала инструментом для максимально прозрачного и эффективного рассмотрения обращений граждан и принятия оперативных решений.

Эта система также предоставила широкие возможности для сокращения бюрократической волокиты и учета общественного мнения. Таким образом, между обществом и государством был сформирован принципиально новый формат диалога. Тот факт, что за последние 5 лет в государственные органы поступило около 16 миллионов обращений, служит убедительном доказательством этого».

Глава государства: «Одновременно с этим началась трансформация отечественной судебной практики»

«Следует признать: раньше гражданам было гораздо сложнее оспаривать действия государственных органов и защищать свои права. С внедрением административной юстиции ситуация изменилась кардинальным образом.

Самое главное – все спорные вопросы теперь стали решаться справедливо в пользу честных граждан. А суды начали уделять особое внимание процессу сбора доказательств. Это означает, что государственные органы обязаны по закону доказывать правомерность своих решений и действий.

Согласно статистике, в последние годы более половины судебных решений было вынесено в интересах граждан и бизнеса.

Безусловно, это является конкретным результатом работы административной юстиции. Таким образом, наше общество начинает избавляться от застарелого стереотипа о том, что «судьи всегда принимают сторону представителей власти».

t.me/aqorda_resmi

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...