Түлкібас: Су жағалауларында тазалық шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түлкібас: Су жағалауларында тазалық шарасы өтті

Бүгінде Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Кезекті тазалық шарасы аудан әкімі Асқар Естібаевтың қатысуымен Майлыкент ауылдық округінде өтті. Сенбілік барысында Т.Рысқұлов және Дауан ауылдарының шекарасынан бастап, Азаттық ауылының шекарасына дейінгі ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Арыс өзенінің бойы толықтай қоқыстан тазартылды. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, ағаш бұталары ретке келтірілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы барлық ауылдық округтер мен кенттерде ішкі көшелер тазаланып, өскен шөптер орылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Майлыкент ауылдық округінде жалпы ұзындығы 43 шақырымды құрайтын арық-атыз жүйелерін тазалау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...