Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 14-15 мамыр күндері уақытша жабылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 14-15 мамыр күндері уақытша жабылады

Хабарландыру

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне орай 14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады. Сондай-ақ ол күндерге «Тикетон» және «Давай сходим» қосымшалары арқылы алдын ала онлайн билет сатып алуға да шектеу қойылды.

Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...