Шымкенттің дзюдошылары халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің дзюдошылары халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетті

Астана қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Нәтижесінде ұлттық құрама жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады. Бұл – қазақстандық дзюдо тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі.

Әлемнің 36 елінен 295 спортшы қатысқан беделді бәсекеде шымкенттік Марат Байкамуров 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Сонымен қатар, 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір маңызды медаль салды.

Қазақстан бұл халықаралық турнирді төртінші жыл қатарынан жоғары деңгейде ұйымдастырып, әлемдік дзюдо қауымдастығы алдындағы беделін тағы бір рет дәлелдеп отыр. Сайысқа Олимпиада және әлем чемпиондары, сондай-ақ, Grand Slam мен Masters турнирлерінің жүлдегерлері қатысты.

Айта кетейік, 2027 жылы Астанада дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Майдангерлер рухына тағзым: Шымкентте Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам ...

Шымкент: 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шарасы

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күніне орай өтетін еске алу жиынына қатысуға шақырамыз. Іс-шара ...